16-17 қазанда Нұр-Сұлтанда «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанында Қостанай облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Екі күн ішінде елордада облыстың 14 ауданы мен 3 қаласынан 50-ден астам кәсіпорын өз өнімдерін сатады. Оның ішінде: Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Наурызым, Сарыкөл, Таран, Федоров, Ұзынкөл аудандары және Арқалық, Рудный, Қостанай қалалары.
Облыс кәсіпорындары 270 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрлерін: 50 тонна ет, 31 тонна сүт өнімдері, 20 тонна шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар, 27 тонна жарма мен макарон өнімдері, 60 тонна картоп пен көкөніс, 20 тонна ұн өнімдерін сатылымға шығарады.
Сондай-ақ сатылатын өнімдердің ассортиментіне нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, бал және басқалар кіреді.
Жәрмеңкеде «Милх» ЖШС, «ДЕП» ЖШС, «Лидер-2010» ЖШС, «Баян Сұлу» АҚ, «Тэрра» ШҚ, «Промбаза 7» ЖШС, «Торғай Ет» ЖШС және т.б. брендтері республика бойынша және одан тыс жерлерде танымал сүт және ет кәсіпорындары ұсынылатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, бағалар дәстүрлі түрде нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен болады. Жәрмеңке Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ұсынған санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілетін болады.
Айта кету керек, биыл елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көкөністер мен жемістердің пісу мерзімін ескере отырып, 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы Нұр-Сұлтанда 31 қазанға дейін жалғасады.
21 тамыздан бастап елордадағы жәрмеңкелерде Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар және Маңғыстау облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар