Елордада IV Субконтракт биржасы өтті. Оны QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ұйымдастырды. Оған машина жасау, тау-кен металлургия, химия, мұнай, жеңіл және басқа да салалардағы 100-ден астам отандық тауар өндіруші қатысты.

Биржаның мақсаты – жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға, отандық бизнесті дамытуға және олардың ішкі нарықтағы әлеуетін ашуға жәрдемдесетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өндіру және жеткізу мәселелері бойынша кооперациялық байланыстарды жолға қою үшін тапсырыс берушілер мен өнім ұсынушылар арасында тиімді кездесулер ұйымдастыру.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбековтің айтуынша, осы жылдың бірінші жартыжылдығында ведомство 25 ұзақ мерзімді шарт пен кәсіпкерлікті ынталандыру туралы 40 келісім жасауға көмектескен.
– Жүргізіліп жатқан жұмыстар қазірдің өзінде оң нәтиже беріп жатыр. Мәселен, бірінші жартыжылдықта реттелетін сатып алу нарығы субъектілері мемлекеттік сатып алудың 54,8 пайызын иеленіп, 8,9 трлн теңгеге тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алды. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 4,8 пайызға жоғары, – деді О.Сапарбеков.
QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдар Кәкімжановтің айтуынша, QazIndustry келісімшарттар жасасуға және жергілікті қамтуды дамытуға жәрдемдесетін іс-шараларды тұрақты негізде өткізіп келеді.
– QazIndustry бастамаларының арасында отандық өндірушілер үшін үлкен маңызға ие жеткізушілерді дамыту қызметін атап өткен жөн. Бұл – Дүниежүзілік банкпен бірлескен жоба. Аталған жоба аясында 43 жеткізуші аккредиттелген. Олардың 123 млн теңгесі өтелді. Өнімді жеткізуге қатысты 9 меморандум жасалды. Жасалған келісімшарттар сомасы – 3,9 млрд теңге. Жоба аяқталуға жақын. Біз оны одан әрі кеңейтуді жоспарлап отырмыз, – деді А.Кәкімжанов.
Биылғы субконтракт биржасының қорытындысы бойынша бірқатар ірі компаниялармен отандық тауар өндірушілер арасында жергілікті қамтуды дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Еске сала кетейік, субконтракт биржасын өткізген төрт жыл ішінде аталған алаң әлеуетті тапсырыс берушілер мен жеткізушілердің өзара іс-қимылының тиімді құралына айналды.
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Кеше
Аймақтар • Кеше
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Кеше
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
«Барыс» «Автомобилистен» жеңілді
Спорт • Кеше
«Испания Вуэльтасына» қатысады
Спорт • Кеше
Ұстаз еңбегінің ұлағатын асырған
Білім • Кеше
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Ұлттық спорт • Кеше
Кино • Кеше
Теннис • Кеше
Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Қазақстанның экспорты 6 айда 56,3% - ға өсті
Экономика • Кеше
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазгидромет биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады
Қазақстан • Кеше
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті
Медицина • Кеше
Әлихан Смайылов TAV Airports Holding басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Кеше
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Кеше
Ұқсас жаңалықтар