Қазақстан мен Сауд Арабиясының үкіметаралық комиссиясының отырысында еліміз араб мемлекетіне сомасы 400 млн долларға жуықтайтын түрлі саланы қамтитын өңделген тауардың 100 түрін жеткізуге келісті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сауд Арабиясы – Қазақстанның Парсы шығанағындағы сенімді серіктестерінің бірі. Соған қарамастан әлемді жаулаған індеттің салдарынан екі жақтың сауда-экономикалық байланысы біраз тұралап қалғаны жасырын емес. Алайда араб елімен арадағы ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндігі мол, бірақ әлеуеті толығымен ашылмаған экономиканың секторы көп. Сол себепті Қазақстан бұл бағытты дамытуға ниетті.
Мәселен, еліміз түрлі салаларда өңделген тауардың 100 түрін жеткізу бойынша экспорт номенклатурасын 398,5 млн долларға дейін кеңейтуге дайын. Бұл тізімде машина жасау, қара металлургия, тамақ өнеркәсібі және тағы басқа салаларға қатысты тауарлар қамтылған.
Тараптар екі елдің іскерлік орталарының ынтымақтастығын тереңдетуге және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға, оның ішінде өнімді бір елден екіншісіне жеткізіп, сату үшін уақытша немесе тұрақты көрме павильондарын (showroom) ашуды пысықтауға келісті. Қазақстан мен САК өз елдерінде әлеуетті сатып алушыларды іздестіруде бір-біріне жәрдем көрсетуге уағдаласты.
Сонымен бірге Қазақстан ауыл шаруашылығы, мұнай химиясы, туризм, тау-кен металлургия кешені және қаржы сияқты салаларда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты саудиялық компанияларды тартуға мүдделі.
Атап айтқанда, Бақыт Сұлтанов саудиялық әріптесіне елімізде тауар өткізу жүйесін құру жөніндегі жобаның іске қосылғаны туралы айтты.
Екі жақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын жүзеге асыру кезінде карантиндік фитосанитарлық талаптарға байланысты тәжірибемен алмасуға, сол секілді өсімдіктер карантині бағытында ынтымақтасуға уағдаласты.
Ынтымақтастықтың жаңа бағыты ретінде «жасыл экономика» қарастырылуы мүмкін. Эр-Рияд бірлескен жобаларды іске асырып, технологиялармен алмасуға байланысты және маман даярлау ісінде зор перспективалар бар екенін жоққа шығармады. Тараптар күн, сутегі энергетикасы және бейбіт атомды қоса алғанда, балама және жаңғырмалы энергетика саласындағы серіктестік жолдарын пысықтауға келісті.
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар