Спорт • 14 Қазан, 2021

«Буревестник» Азия біріншілігінің жартылай финалына шықты

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Волейболдан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Алматының «Буревестник» командасы жартылай финалға шықты деп хабарлайды Egemen.kz.

«Буревестник» Азия біріншілігінің жартылай финалына шықты

А тобында Таиланд, Шри-Ланка, Ирак және Кувейт командаларымен бақ сынаған қазақстандықтар Кувейтті 3:0 есебімен жеңді.

Осылайша, «Буревестник» А тобында бірінші орын иеленді. Біздің команда Шри-Ланка, Таиланд пен Кувейтті жеңіп, Ирактан ұтылған.

Жалпы есепте 10 ұпайы бар.