Әлем • 14 Қазан, 2021

90 жастағы актер ғарышқа ұшты

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

90 жастағы канадалық актер Уильям Шетнер «Блу Ориджин» компаниясының «Нью Шепард» ғарыш кемесімен кеңістікті шарлап қайтты, деп жазады Egemen.kz.

90 жастағы актер ғарышқа ұшты

Бұл миллиардер Джеф Безостың компаниясына тиесілі ғарыш кемесінің екінші мәрте көкке көтерілуі. Сапар 10 минутқа созылды. Кеме 100 шақырым биіктікке дейін ұшып, кейін экипаж отырған капсула зымыраннан бөлініп жерге оралды. 

Шетнермен бірге ғарышқа саяхатта тағы 3 адам болды. Оларды дайындауға бірнеше күн ғана кеткен. Ал сапар жерден басқарылды.

Еске сала кетейік, Уильям Шетнер «Жұлдызды жол» сериалында капитан Кирктің ролін ойнаған болатын. 

«Сапардан керемет әсер алдым. Бұл менің өмірімдегі ең елеулі оқиға болды. Сезімімді тілмен айтып жеткізу қиын. Алған әсерлерім ұзақ уақытқа дейін сақталар деген үміттемін», деді Уильям Шетнер.