Қазақстан • 14 Қазан, 2021

Батыс Қазақстанда жаңа табиғи қорық құрылады

681 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Республикалық маңызы бар Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалын және «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Үкімет қаулысының жобасы дайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстанда жаңа табиғи қорық құрылады

«Батыс Қазақстан облысының Жәнібек және Казталов аудандары аумағында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Республикалық маңызы бар Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалы құрылсын», делінген құжатта.

Құжатқа сәйкес қорықшада штат саны 78 адамды құрайды.

Қаулы жобасы 28 қазанға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.

Бұған дейін орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қорықтың Орал популяциясының киіктерін сақтау үшін құрылатынын хабарлаған болатын.

2021 жылы тұрақты қорғаудың арқасында киіктердің саны 842 мыңға жетті. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін, оның ішінде киіктерді қорғауды «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК жалпы ауданы 123 млн га болатын 12 әкімшілік облыстың аумақтарында жүзеге асырады, онда 430 инспектор және жүріп өту мүмкіндігі жоғары 152 автокөлік құралы жұмылдырылған.