Парламент • 15 Қазан, 2021

Қазақстан қоғамының құрылымы түбегейлі өзгерді - Мәулен Әшімбаев

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қоғамының құрылымы түбегейлі өзгерді. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан қоғамының құрылымы түбегейлі өзгерді - Мәулен Әшімбаев

«Өткен 30 жылдың ішінде Қазақстан көптеген салада зор табыстарға қол жеткізді. Мемлекеттілігімізді құру мен нығайту үшін өте көп дүние жасалды. Бүгінде осы жылдардың ішінде Қазақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасты деп толықтай сеніммен айта аламыз», деді Сенат спикері Қазақстан әлеуметтанушыларының VII конгресінде.

Оның айтуынша мемлекеттік басқару жүйесінде, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда да байыпты өзгерістер болады. «Өзінің тұрақтылығы мен тиімділігін көрсеткен сыртқы және ішкі саясат моделі қалыптасты. Бұған қоса, қоғамның өзінде де сапалы трансформация орын алды. Реформалар парадигмалы әлеуметтік өзгерістерге сеп болды. Қазақстан қоғамының құрылымы түбегейлі өзгерді», деді Мәулен Әшімбаев.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35