«Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының халқын иммундау жөніндегі консультациялық комиссиямен бірге халықты қайта вакциналаудың тәсілдерін пысықтады. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау шарасының толық курсын өткеннен соң, 6-9 айдан кейін қосымша дозасын егу ұсынылады. Оның өзінде векторлы вакцина алған тұлғаларға 9 айдан кейін инактивті вакцина егу, инактивті (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in – ред.) вакцина алған тұлғаларға 6 айдан кейін векторлы екпе салу көзделіп отыр.
«МРНК-вакцина» (Pfizer – ред.) алған тұлғаларға 6 айдан кейін инактивті немесе векторлы екпе салынады. Сондай-ақ, бірізді екпе түрін салу арқылы қайта вакциналануға жол беріледі», деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.