Аймақтар • 15 Қазан, 2021

Алматыда үш есірткі зертханасы жойылды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда синтетикалық есірткі шығаратын үш есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда үш есірткі зертханасы жойылды

Олардың бірі Медеу ауданы аумағындағы үйден табылды. Тінту кезінде синтетикалық есірткілерді дайындауға арналған компоненттер, сондай-ақ жалпы салмағы 3,5 кг сатуға дайын «мефедрон» заты тәркіленді.

«Сәуір айында есірткі бизнесі желісі бойынша ҰҚТ құруда кінәсі дәлелденген 8 айыпталушы ұсталған. Топ «мефедрон» синтетикалық есірткісін интернет-ресурстар арқылы дайындаумен және өткізумен айналысты. Сонымен қатар, есірткі заттарының таралуы туралы ақпаратты қамтитын 3901 граффити-жазуы боялған. Есірткі жарнамасы үшін 5 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Алматы полициясының бастамасымен жыл басынан бері 357 интернет-сайт бұғатталды», деді Алматы ПД басшысы Қанат Таймерденов.

Жыл басынан бері Алматы полициясы 545 есірткі қылмысын анықтады. 380 килограмнан астам есірткі тәркіленіп, заңсыз айналымға жіберілген жоқ.