Қиясов ведомствода мұндай жоспарлар жоқ екенін атап өтті.
«Ревакцинация - бұл коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын алу. Вакцинаның екі дозасын алған адамдарға қатысты қосымша шектеулер мен санкциялар қарастырылмаған», деді ол ОКҚ брифингінде.
Қайта вакцинациялау процедурасының өзі, санитарлық дәрігер атап өткендей, негізінен, тиісті топтардың ішінен анықталады – бұл халықтың ең осал топтары, сондай-ақ антиденелерді талдағаннан кейін, егер ол антиденелердің жоқтығын көрсетсе, ревакцинацияға ерікті түрде келетін адамдар.
Өз кезегінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бір төлқұжатта вакцинация және ревакцинация туралы мәліметтер көрсетілетінін айтты.
«Вакцинация паспортында бірінші және екінші дозалар қашан енгізілгені көрсетіледі», деді ол.