Қоғам • 16 Қазан, 2021

БҰҰ: Қазақстан мен Кирибати ядролық сынақ жасалған аймақтарды оңалту жөнінде мәлімдеме жасады

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы мен Кирибати Республикасы Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың (ЯҚТСШ) аясындағы оң міндеттемелерін қолдайтын Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ: Қазақстан мен Кирибати ядролық сынақ жасалған аймақтарды оңалту жөнінде мәлімдеме жасады

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Құжат БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитетінің отырысында Семей сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай қабылданды. Кирибати – Тынық мұхиттегі аралдық мемлекет, ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында АҚШ мен Ұлыбритания жүргізген ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен.

Аталған шарттың оң міндеттемелері ядролық сынақтардан кейінгі радиациядан зардап шеккен азаматтарды оңалту және қоршаған ортаны қалпына келтіру бойынша көмек шараларын көздейді.

ЯҚТСШ 2017 жылы 7 шілдеде 122 мемлекеттің қолдауымен қабылданып, 2021 жылдың қаңтарында күшіне енді (50 мемлекет ратификациялаған кейін). Бұл құжат ядролық қаруды заңсыз деп жариялайды, оның толық жоюына жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Қазақстан Шартты әзірлеу бойынша келіссөздерге белсенді қатысты, ал 2019 жылы 29 тамызда 26-шы мемлекет ретінде БҰҰ хатшылығына ратификация құжатын енгізді, соның арқасында оның күшіне енуіне жаңа серпін берді.