Теннис • 17 Қазан, 2021

Қазақстандық теннисшілер Мәскеуде Кремль кубогында бақ сынайды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисшілер Мәскеуде Кремль кубогы турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисшілер Мәскеуде Кремль кубогында бақ сынайды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина 18-24 қазан аралығында өтетін Кремль кубогы WTA 250 жарысына қатысады. Доданың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 37-орында тұрған чехиялық Маркета Вондроушовамен шеберлік байқасады.

Жүлде қоры 565 мың АҚШ долларынан асатын, пандемияға байланысты былтыр өтпей қалған жарысқа 2019 жылғы чемпион, швейцариялық Белинда Бенчич қатыспайды. Ерлер арасындағы осы турнирде Қазақстанның бірінші, әлемнің 37-інші, доданың 5-ракеткасы Александр Бубликтің қарсыласы кейін белгілі болады.

Жүлде қоры 697 мың АҚШ долларынан асатын бұл жарыста 2019 жылы ресейлік Андрей Рублев үздік шыққан болатын. Дүниежүзілік рейтингте бесінші сатыда тұрған ол биыл бірінші ракетка болып тіркелген.

Тағы бір қазақстандық, рейтингте 165-сатыдағы Дмитрий Попко іріктеу сайыстарында әлемнің 106-ракеткасы, литвалық Ричардас Беранкистен 4:6, 1:6 есебімен ұтылып қалды.