«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, Атырау мұнай өңдеу зауыты және «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» серіктестігі Қазақстанда сутегі бастамаларын дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумды бекітті. Бұл көміртегі бейтараптығына қол жеткізу аясында жүзеге асты.

Құжат тараптардың сутегі қозғалтқышы бар автомобильдерге арналған сутегі құю бекетін ұйымдастыруды көздейді. Сондай-ақ бекетті Атырау зауытындағы «Эр Ликид Мунай Тех Газы» серіктестігі қондырғыларының сапасына сәйкес келетін сутегімен қамтамасыз ету жүктелген. Аталған технология Қазақстанда алғаш рет ұсынылып отыр.
Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде, яғни 2022 жылғы наурыз айының соңына дейін Атырау қаласында мобильді сутегі құю бекетін орнату, сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерін тасымалдайтын сутегі қозғалтқышы бар автобустар мен жеңіл көліктер сатып алу қарастырылған.
Екінші кезеңде, яғни 2022 жылдың соңына қарай «Эр Ликид Мунай Тех Газы» серіктестігімен бірлесіп сутегі құю бекетін тиісті сападағы сутегімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар кешенін аяқтау және Атырау қаласында стационарлық сутегі құю бекетін іске қосу жоспарлануда.
– «ҚазМұнайГаз» сутегі энергетикасын дамытуды ұзақ мерзімді перспективада компания қызметін декарбонизациялау бағдарламасының басым бағыттарының бірі ретінде қарастырып отыр. Бұл Мемлекет басшысының 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес келеді және жалпы әлемдік трендтермен де үндесіп жатыр. Көміртегі көлемін азайту активтер құнының өсуіне ғана септігін тигізіп қоймай, біздің инвестициялық тартымдылығымызды да арттырады, – дейді ұлттық компанияның басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.
Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясын өзектендіруде. Бұған қоса төмен көміртекті даму бағдарламасы мақұлданды. Компания 2031 жылға қарай СО2 шығарындыларын 2019 жылғы деңгейден 15 пайызға төмендетуді көздеп отыр. Бұл шамамен 1,6 млн тонна СО2-ні құрайды.
Аталған мақсатқа энергия тиімділігін арттыру, энергия үнемдеу саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру, жаңартылатын және сутегі энергетикасын дамыту, көміртегіні өндіру және сақтау жөніндегі технологияларды қолдану, орман-климаттық жобаларды іске асыру арқылы қол жеткізу жоспарланған. Қазірдің өзінде ұлттық компания осы бағытта әлеуетті арттыру және өндірілген сутегіні өз активтерінде пайдалану үшін сутектік мобильділік саласындағы қанатқақты жобаны іске асыра бастады.
Еске сала кетейік, сутегі отыны бензин мен дизельге экологиялық балама болып саналады. Өйткені ол жанғанда бу шығады. Сонымен қатар сутегінің бензинге қарағанда шығыны әлдеқайда аз – 100 шақырым үшін бар-жоғы 0,6 кило сутегі жұмсалады. Сутегі құю бекеті сутегіні сақтау, салқындату, сығымдау және тарату жүйелерінен тұрады.
Жобаның серіктесі – Францияның Air Liquide компаниясы. Компания соңғы 50 жылда сутегі жеткізудің барлық тізбегін, яғни оны өндіруден бастап сақтауға, соңғы тұтынушыларға арналған қосымшаларды әзірлеу және таратуға дейінгі аралықты қамтиды. Бүгінгі таңда компания әлем бойынша 120-дан астам сутегі құю бекетін жобалап, іске қосты.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар