Ауа райы • 18 Қазан, 2021

Қазақстанда күн қайта салқындайды

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 19-21 қазанына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда күн қайта салқындайды

Үнді жазын Қазақстан аумағына әкелген Антициклон, еліміздің шығысында ғана жауын-шашынсыз жылы ауа райын сақтайды.

Республиканың қалған бөлігіне Мурманск аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды:

Ол ел аумағы арқылы жылжып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюін, солтүстікте төменгі боран мен ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.