Бүгінде Қазақстанның мал шаруашылығында мемлекет субсидиялайтын алты сақтандыру шарасы жұмыс істеп тұр. Енді бұл тізімнің қатары үй құстарын сақтандырумен толықтырылды.

Өндіріс шығындарын өтеуде, пайда табуда және түрлі жағдайларға байланысты шығынға батып қалмас үшін құс өсірушілердің құстарын сақтандыруы бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құс тұмауы құтырған уақытта бұл сақтандыру шарасы шаруалар үшін талай қиындықтың күрмеуін шешіп беруге өте қолайлы бастама болып отыр. Жаңа бағыттың операторы – «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры.
Талай жылдан бері біршама тәжірибеден өткен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры бұл сақтандыру шарасының да шашауын шығармай атқармақ. Мамандардың айтуынша, үй құстарын сақтандыру шаруалар үшін шынымен де оң әсер беретін бастама. Неғұрлым сақтандырған құстардың саны көп болса, соғұрлым пайыз мөлшері де азаяды.
«Кемінде 30 бас мөлшеріндегі жануарлар және құстар сақтандыруға жатады. Жалпы алғанда сақтандырудың салыстырмалы түрде төмен құнын атап өтуге болады. Қамтылған аумағына байланысты тарифтер 1,5-тен 6,5 пайызға дейін. Неғұрлым мал көп соғұрлым пайыз азаяды. Осы мақсаттарға 2020-2021 жылдары шамамен 3,4 млрд теңге бөлінді», деді Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры сақтандыру департаментінің директоры Әсел Рамазанова.
Жаңа сақтандыру өнімі бойынша құстар барлық ықтимал тәуекелдердің шығыны өтеледі. Салыстырмалы түрде айтқанда сақтандырудың құны да төмен болады. Түрлі аурулардан, өрттен, жазатайым оқиғалардан, табиғи апаттардан өлген жағдайда және ұрланса, жоғалып кетсе сақтандыру шарттарына сәйкес орнын толтыруға мүмкіндік бар.
Сақтандыру үшін кем дегенде 30 бас құс болуы керек. Құстардың санына байланысты 2,31%-дан 2,77%-ға дейінгі түрлі деңгейдегі тарифтер белгіленді. Ал келісім жасалғанда төленетін сақтандыру сыйақылары мемлекет тарапынан субсидияланады. Бұл фермерлерді ынталандыруға және сақтандыру шартының жарты құнын арзандатуға бағытталған.
Бүгінде алғашқы тұтынушылардың бірі болып құстарын сақтандырған Ізет Шаяхмет – ірі құс фабрикасының басшысы. Айтуынша, бұл бастама құс шаруашылығын дамыту жолында оңтайлы бағыт.
«Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін биоактив – ең маңызды актив, бүкіл бизнес соның негізінде құрылады. Өндірушілер мұндай сақтандыру өніміне ұзақ уақыт бойы мұқтаж болды. Бұл – сақтандыру жағдайы туындаған кезде тезірек қалпына келтіруге мүмкіндік беріп, операциялық қызметтің бірнеше жылдарын сақтайды. Сақтандыру келісім шартын жасау тетігі өте ыңғайлы: барлық қажетті құжат электронды форматта жүктеледі. Процестің қалған қадамдары да онлайн режімінде жүргізіледі, мұнда сақтандыру жарнасын субсидиялау да қарастырылған», дейді құс фабрикасы директорының орынбасары Ізет Шаяхмет.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша Қазақстанның бірнеше өңірінің 117 елді мекенінде індеттен 576 мың бас әр түрлі құстар өлген. Ал Қазақстан құс өсірушілер одағының мәліметтері бойынша, құс тұмауынан Солтүстік Қазақстан облысында 2 құс фабрикасында 768,8 мың бас және Қостанай облысында бір құс фабрикасында 360 мың бас құс шығыны тіркелген. Тек үш құс фабрикасында қырылған құстың саны 1 млн 128 мыңнан асқан.
Жаңа сақтандыру өнімдері бойынша елімізде 8 200 бас ірі қара, тоқсан шақты ұсақ мал және 1 млн-нан аса құс сақтандырылған. Оған кеткен қаржының тең жартысы яғни 53 млн теңгеден астамы мемлекет есебінен субсидияланды.
«Бұл орайда әрине, құстарды сақтандыру жобасы осындай ірі цифрларға қарамастан шаруалардың шығынға шаш етектен батпауы үшін жасалып отырған үлкен мүмкіндік. Оның үстіне құстарды сақтандыру үшін арлы-берлі жол жүрудің қажеті шамалы. Өйткені барлық қызмет онлайн түрде іске асырылады», дейді Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры сақтандыру департаментінің директоры Әсел Рамазанова.
Оның айтуынша, сақтандыру онлайн жүзеге асырылады. Сервис Qoldau.kz платформасында орналасқан. Құс шаруашылығы иесінде электронды цифрлы қолтаңба болуы қажет. ЭЦҚ көмегімен жүйеге кіріп, құстар туралы барлық ақпаратты жүктеуі тиіс. Одан кейін сақтандыру компаниясын таңдап, үшжақты келісім шарт жасалады. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі сақтандыру ақысының жартысын төлеп, жартысы субсидия ретінде сақтандыру компаниясының шотына түседі.
Жүйеде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің лицензиясы бар сақтандыру компаниялары ғана жұмыс істейді. Сақтандыру өнімі шеңберіндегі тәуекелдер әлемдік сақтандыру нарығында «А» рейтингісі бар халықаралық қайта сақтандыру компаниялары қайта сақтандыратын болады. Бұл сақтандыру жағдайлары туындағанда кепілдендірілген төлемдерді қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік береді. Шарт жасасудан бастап төлемдерге дейінгі барлық рәсім ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің электронды цифрлы қолтаңбасы негізінде Qoldau.kz платформасында орналасқан Agroinsurance ақпараттық сервисінде атқарылады.
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Шабандоз тақым қысып оқитын жыр
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Энергетика министрлігі бензин бағасын өсіруді ұсынды
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді
Аймақтар • Кеше
Ертең еліміздің бірнеше өңірінде 38-41 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Кеше
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Кеше
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Кеше
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Кеше
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Кеше
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • 25 Маусым, 2022
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • 25 Маусым, 2022
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • 25 Маусым, 2022
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • 25 Маусым, 2022
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • 25 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар