Шахтинск қаласының 19 жастағы тұрғыны Руслан Фатахов кермеге тартылудан бес жаңа рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руслан кішкентай кезінен спортпен айналысқан. Алғашында грек-рим күресін жақсы көрген, кейін жеңіл атлетикамен, футболмен, баскетболмен, волейболмен, ал 16 жасында стритлифтингпен айналысқан.
«Спорт - менің өмір салтым. Жеңіске жеткенді, бірінші болғанды жақсы көремін. Стритлифтинг - өз-өзіңмен күресу. Басында артық салмақпен көтеріле алмадым, бірақ ауыр жаттығулар өз нәтижесін берді. Былтыр жазда өз салмағыммен +32 келі тартуда әлем чемпионы атандым. Чемпионат Киевте өтті», деді Руслан.
Руслан былтыр қазанда Гиннестің рекордтар кітабына «қосымша салмақпен тартылу» номинациясына өтінім берген. Ол осы номинациядағы барлық жеті рекордты жаңартуға шешім шығарған. Биыл сәуірде екі жаттықтырушының қатысуымен және фото, видеоға түсіріп, орындаған. Видео мен қажет құжаттарды жіберген Руслан алты айға жуық уақыт жауап күткен. Жақында оның бес рекорд жаңартқаны расталды. Бұл – өз салмағымен минутына + 45 кг, минутына 31 рет +27 кг, минутына 39 рет +18 кг, кері 35 рет +18 кг тартылу. Тағы екі категория бойынша әзірге нәтиже жоқ.
«Гиннестің рекордтар кітабына енгеніме қуаныштымын. Екі категория бойынша маған қосымша құжат жіберуімді сұрады, мен әлі жауап алмадым. Рекорд орнатамын деп ойлаймын. Қазір Ресейде оқимын. Шет тілдерін үйренемін, жаттығу жасаймын. Болашақта жаттығу мен стритлифтинг секциясын ашып, біліміммен, тәжірибеммен бөліскім келеді», деді Руслан Фатахов.
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар