Оқиға • 19 Қазан, 2021

Көкшетауда ресейлік азамат қонақ үйдің терезесінен секіріп кетті

729 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полицияның айтуынша, Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда ресейлік азамат қонақ үйдің терезесінен секіріп кетті

– Кеше кешкілік ер адам қонақ үй кешендерінің бірінен бөлмені жалға алған. Мейрамханаға барып келгеннен кейін бөлмеге келіп, терезеден секірген. Ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.