Қазақстан Президенті «Astana Group» компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Нұрлан Смағұловты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Astana Group» компаниясының жұмысы мен даму перспективалары туралы ақпарат берілді.
Атап айтқанда, Нұрлан Смағұлов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компаниялар тобының бюджетке төлеп отырған салық мөлшерінің 90 миллиард теңгеге дейін артқаны, экспорт тасымалының өскені, сондай-ақ жеңіл техника шығаратын зауытты кеңейтуге және Алматы қаласындағы бейнелеу өнері музейінің құрылысына қатысты жоспарын айтты.
Президентке «Мега» сауда орталықтарының халыққа екпе салу науқанына атсалысып жатқаны жөнінде мәлімет берілді. Нұрлан Смағұловтың айтуынша, аталған сауда орталықтарында 150 мыңнан астам адамға вакцина салынған. Сонымен қатар бизнесмен Президентке бюджеті 1 миллиард теңге болатын өзінің қайырымдылық қорының қызметі туралы да айтты. Қор мәдениет пен спортты дамытуға әлеуметтік-қаржылай қолдау көрсетіп, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетеді.
Бұдан бөлек Нұрлан Смағұлов еліміздің Велоспорт федерациясының президенті ретінде Мемлекет басшысына балалар мен жасөспірімдер спортының жағдайы және «Astana – Premier Tech» велокомандасының ребрендингі туралы баяндады. Велокоманда 2022 жылдан бастап «Astana Qazaqstan Team» деп аталатын болады.
Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның бастамаларына оң баға беріп, табыс тіледі.
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар