Аймақтар • 20 Қазан, 2021

Қазақстандық білікті дәрігердің қатысуымен Шымкентте бес операция жасалды

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Шымкент қаласындағы №1 клиникалық аурухана базасында Нұр-Сұлтан қаласындағы Батпенов атындағы  травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының директоры Олжас Бекарысов шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық білікті дәрігердің қатысуымен Шымкентте бес операция жасалды

Білікті дәрігер омыртқаларды тері арқылы транспедикулярлық бекіту бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Шеберлік сабақ аясында жергілікті мамандармен екі науқасқа тізе буынын ауыстыру, аминэктомиямен омыртқаны транспедикулярлық бекіту, омыртқаны жабық транспедикулярлық бекіту және омыртқа дискісінің жарығын алып тастау сынды бес ота жасалды.А

Институт мамандары буын омыртқа дертін емдеуге қажетті протездерді, түрлі тірек аппараттарды өздері ойлап табады, оны операцияларға кеңінен қолданып, тәжірибелерін өзге өңір дәрігерлерімен бөліседі.