Қазақстан • 20 Қазан, 2021

ҚМДБ төрағасы Өзбекстан мүфтиін жаңа қызметімен құттықтады

533 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Нуриддин Холикназаровқа Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚМДБ төрағасы Өзбекстан мүфтиін жаңа қызметімен құттықтады

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нуриддин Холикназаровты дін саласындағы көпжылғы тәжірибесі мен ізгі істеріне тоқтала келіп, игі тілегін білдірді.

«Сіз имамдық қызметте жүріп Ислам жанашырына айналдыңыз. Асыл дінімізді насихаттауға сүбелі үлес қостыңыз. Марқұм Усмонхон Алимов хазіреттің игі ісін жалғастырып, ізгі бастамаларды жүйелі түрде іске асыратыныңызға сенемін.

Екі ел арасындағы рухани байланыстың алтын көпірі болатыныңызға сенімдімін. Алдағы уақытта асыл дініміздің дамуына, екі ел арасындағы байланысты нығайтуға бірлесе үлес қосамыз деген үміттемін» делінген құттықтау хат мәтінінде.

Еске сала кетейік, Ташкент аймағының бас имамы қызметінде болған тәжірибелі дін маманы Нуриддин Холикназаров Өзбекстан мүфтиі болып сайланды. Ал бұған дейін Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы қызметін атқарған Усмонхон Алимов бірер ай бұрын 71 жасында дүниеден өтті.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше