Аймақтар • 20 Қазан, 2021

СҚО соты әкімдік өкілінен ақша өндіріп алды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында сот алдындағы міндетті орындамаған әкімдік өкілінен 29 мың 170 теңге ақша өндіріліп алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО соты әкімдік өкілінен ақша өндіріп алды

СҚО сотының мәліметінше, ақшалай өндіріп алу Петропавл қалалық әкімдігінің өкіліне қолданылды. Облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшілік іс бойынша алдын ала тыңдауда бұл жазаны мүдделі тұлғаға міндетті орындамағаны үшін қолданды.

«ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларына сәйкес ақшалай өндіріп алу жеке, лауазымды адамға, заңды тұлғаға не оның өкіліне қолданылады. Бұл жазаға сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып, соттың сұрау салуын орындамаған жағдайда тартылады. Өйткені құжаттарды мерзімінде ұсынбау алдын ала тыңдау кезеңінде істі қараудың созылуына әкеледі», делінген хабарламада.

Сот ұйғарымымен ақшалай өндіріп алу мөлшері - 10 АЕК, бұл 29 170 теңгені құрайды. СҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты жұмысын бастаған 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап сот талаптарын орындамағаны үшін барлығы 8 адамға ақшалай өндіріп алу қолданылды.