«Инфляцияны тұрақтандыру мақсатында Мемлекет басшысы осы жылғы қыркүйектегі өзінің Жолдауында Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп монетарлық емес факторларға ерекше назар аударуды тапсырды. Президенттің орындау үшін Үкімет шешімімен Инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешені бекітілді, оны іске асыру осы жылғы қыркүйекте басталды», деді Е. Досаев Мәжілістің жалпы отырысында.
Сонымен қатар ол биылғы инфляцияны тежеудің негізгі қадамдарын айтты.
«Сіздердің назарларыңызды өңірлердегі жағдайға аударғым келеді. Жылдық инфляция қыркүйекте 17 өңірдің 13 өңірінде жылдамдады, ол 6 облыста 9 пайыздан асып отыр. Ұлттық банктің пікірінше, өңірлік нарықтарда бағаларды тұрақтандыру және тауарлар тапшылығына жол бермеу биылғы жылғы инфляцияны «тежеудің» негізгі факторлары болып саналады», деді ҰБ басшысы.