Оқиға • 20 Қазан, 2021

Аяжан Еділоваға жасалған қылмыстық іс сотқа түсті

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аяжан Еділованың зорлау және өлтіру ісі сотқа түсті. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аяжан Еділоваға жасалған қылмыстық іс сотқа түсті

«Алматы қаласының МАЭС-на Т. есімді азаматтың қызды зорлап, аса қатыгездікпен өлтірді деген айыппен қылмыстық іс келіп түсті. Бұл іс жабық режимде өтеді», делінген хабарламада.

Алдын ала тыңдауда істі қарау мәселесі алқабилердің қатысуымен немесе судьямен жеке-дара шешілетін болады.

Айта кетейік, 19 наурызда Алматыда 19 жасар Айжан Еділова жоғалып кеткен. Оның 22 наурызда көз жұмғаны белгілі болды. Полиция «Кісі өлтіру» бабы бойынша тергеуді бастады, іс бойынша Түркістан облысының 1993 жылы туған тұрғыны ұсталды.

Аяжан Еділованың денесі бөлшектелген күйде табылды. Күдікті қыздың мәйітін үйден шығарып, қоқыс жәшігіне лақтырып үлгерген.