Қатысушылар тапсыратын өтінім 2021 жылғы 20 қазаннан 20 желтоқсанға дейін қабылданады Үміткерлер келесі талаптарға сәйкес болуға тиіс:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша соңғы курсында оқу; Үлгерімнің орташа балы (GPA) – кемінде 3.0 (білімді бағалаудың 4 балдық жүйесі кезінде) немесе кемінде 4.0 (білімді бағалаудың 5 балдық жүйесі кезінде).
Іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттар керек:
Тіркеу формасы; Жоғары оқу орынның басшылығынан немесе жоғары оқу орынның факультет басшылығынан ұсыным хат;
Үлгерімнің орташа балын (GPA) көрсете отырып, өткен пәндер мен олар бойынша бағалар (транскрипт) көрсетілген құжат;
Оқу орыннан студенттің жоғары оқу орнында оқитынын растайтын анықтама;
Қосымша келесі құжаттар да ұсынылуы мүмкін: Шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы халықаралық сертификаттардың көшірмелері (IELTS, TOEFL және т.б.);
Сертификаттардың, грамоталардың, дипломдардың және т.б. көшірмелері.
Бүкіл құжатты мына электрондық поштаға жіберу қажет: nargiz.kurmangozhayeva@nationalbank.kz.
Өндірістік тәжірибе кезінде Ұлттық банктің барлық қызмет бағытынан өтуге болады. Студенттер өздері алған теориялық білімді өндірістік тәжірибеде бекітуге және дипломдық/магистрлік жұмыстарды жазуға қажетті материалдарды жинақтауға мүмкіндік алады.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты өндірістік тәжірибе офлайн режимде де, қашықтан да өтуі мүмкін.