Қоғам • 20 Қазан, 2021

ArcelorMittal 2050 жылға қарай көміртекті бейтарап болады

423 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда Astana Mining and Metallurgy Congress отырысы өтті. Конгресте«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наир шығарындыларды азайту және көміртегі бей­тарап­тығына қол жеткізу бойынша жұмыс туралы айтып берді.

ArcelorMittal 2050 жылға қарай көміртекті бейтарап болады

Оның айтуынша, ArcelorMittal компаниялар тобы алдына шығарындыларды 2030 жылға қарай 25%-ға азайтуға және 2050 жылға қарай көмір­тегі бей­тараптығына қол жеткізу сияқ­ты жаһандық мақсат қо­йып отыр. Германия, Испания, Бель­гия және Канададағы ArcelorMitttal бөлімшелері осы бас­та­маларды қолдау үшін жер­гілікті билік органдарымен ке­лісім жасасты. Компания Қазақ­стан Республикасының Үкіметі­мен осындай келісім жасасуға үміттенеді.

– Біз көміртегі шығарын­ды­лары бүкіл планета үшін про­б­ле­ма екенін білеміз. Көмір­тек­ті бейтараптық  –  бұл біздің ор­тақ жауапкершілігіміз және өте маңызды мақсатымыз. Осы­ған бай­ланысты Қазақстан 2060 жыл­­ға қарай көміртектік бей­та­рап­тылықты қамтамасыз ету бойынша нық міндеттемелерді өзіне ала отырып, басқа елдермен салыстырғанда сенімді көшбасшылық танытып отыр. 2030 жылға қарай көміртегі шығарындыларын 19%-ға және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығын төмендету мақсатына қол жеткізу үшін, әрине, барлық салада нақты іс-қимыл жоспары мен үйлестіру қажет болады, –  деп атап өтті Биджу Наир.

Сонымен қатар ол болат шек­сіз қайта өңделетін ең әм­бе­бап материалдардың бірі еке­нін атап өтті. Бүгінгі таңда тіке­лей шығарындылардағы бо­лат өнеркәсібінің үлесі қаз­балы отынды пайдалану есебі­нен 7%-дан 9%-ға дейін құрай­ды. ArcelorMittal алдында нөл­дік көміртегі ізімен болат шыға­ра алатын технологиялық шешім­дерді қолдану міндеті тұр.

Мұндай бірінші шешім сы­нық­тар негізінде болат өн­ді­ру. Бұл ретте экологиялық таза электр энергиясы көздерін пайдаланса, кәдеге жарату дең­гейі ша­мамен 90%-ды құрайды. Ком­пания металл сынықтарын қол­дануға тырысады, алайда дүние жүзінде әлемдік сұранысты қана­ғат­тандыра алатын сынықтар жет­кіліксіз. Екінші шешім – темір рудасынан болат өндіру кезін­де жасыл технологияларды пай­далану. Мысалы, сутегі, био­көмір және басқасын атауға болады.

Үшінші шешім – болаттан көміртекті алу технологиясын қолдану. Көмірқышқыл газын (CO2) ұстау және сақтау (CCS) – бұл CO2-ны өнеркәсіптік және энергиямен байланысты көздерден бөлу, сақтау орнына тасымалдау және атмосферадан ұзақ мерзімді оқшаулау процесі.

– Carbon capturing and stocking (көміртекті ұстау және сақтау) технологиясы әлі де жаңа болып табылады, оны пай­да­лану және енгізу компания­дан және үкіметтерден айтарлықтай ресурстарды тартуды талап етеді. Алайда бұл шығындардың бар­лығы оның экономикалық және әлеуметтік құндылығы ар­­қылы өтеледі. Кәсіпорындар жұ­­мыс орындарын,  қызметкер­лерін қысқартпай, орналасқан жерін өзгертпей, сондай-ақ эколо­гия­­лық қолайлы жағдайда жұмысын жалғастыра алады. Бұдан басқа бұл жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркә­сіп­тік кәсіпорындардың техноло­гия­лылығын арттыруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Қазір біз ЖЭК белсенді өсуі байқалып отырған Қазақстан үшін бұл технология тұрақты көміртекті бейтарап жолды қамтамасыз етеді және металлургия және тау-кен өнер­кәсібін, әсіресе көмір және мұ­най-газ салаларына қолдау болады, – деді Биджу Наир.

Осы орайда, Нұр-Сұлтанда дәстүрлі Astana Mining & Metallurgy конгресі өз жұмысын бас­тағанын айта кеткен жөн. Атал­ған конгресс – тау-кен метал­лур­гия индустриясындағы ең ауқым­ды салалық іс-шаралардың бірі.