Аймақтар • 20 Қазан, 2021

«Серпінге» серпіліс қажет

414 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында Үкіметке көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсыра отырып, ел ішіндегі еңбек күшінің ұтқырлығы мәселесіне қатысты да жаңа ұстанымдар қажеттігін атап көрсеткендігі мәлім.

 

«Серпінге» серпіліс қажет

Бұл тапсырма ішкі көші-қонды реттеу арқылы жұмыс күші тапшы, жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарындағы студенттер саны аз өңір­лер мен артық жұмыс күші бар, жо­ғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарында орын жетіспейтін өңір­лердің әлеуметтік-экономикалық да­муын­дағы теңгерімсіздікті болдыр­мау мақсатында 2014 жылдан бері іске асырылып келе жатқан«Мәңгілік ел жастарыиндустрияға!» – «Сер­пін-2050» әлеуметтік жобасына да қатысты екені анық. Өйткені оның тиімділігін арттыру мәселесі қоғамда кейінгі кезде жиі талқыланып жүр.

1989 жылы жүргізілген халық санағы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының небәрі 18 па­йызын қазақтар құраған екен. Ал қазір бұл көрсеткіш 35 пайыздан асыпты. Еліміз тәуелсіздігі жылдарында пайда болған осы оң үрдіс көңілге жұбаныш болғанымен, Қызылжар өңірінен өзге жақтарға көшіп кетушілер легі толас­тамай, облыс тұрғындарының саны жылдан-жылға кеміп бара жатқаны алаңдатпай қоймайды.

Үкімет тарапынан ата­жұртқа оралған қандастар көшін солтүс­тік­ке бұру, елі­міз­дегі жұ­мыс күші артық өңір­лердің тұрғындарын ерік­ті қоныс аудару, «Серпін» мем­лекеттік бағдарламасы бо­­йынша оңтүстік жастарын оқуға жіберу сынды игі істер атқары­лып жат­қа­ны­мен, олардың нәти­же­лері кө­ңіл көншітерліктей емес. Бұлардың ешқайсысы өңір­­дегі көші-қонның теріс саль­­досын түзете алмай, облыс хал­­қының саны былтыр тағы 5 мың адамға кеміп, биылғы жыл басында небәрі 543,6 мың адамды құрады. Жалпы, соңғы жиыр­­ма жыл ішінде сол­­түс­тік­қазақстандықтардың қа­та­ры 169,9 мың адамға кемі­ген. Осылайша, еліміздің «сол­түс­тік қақпасы» саналатын облыс еліміздің тұрғындары ең аз өңі­рі­не айналып отыр.

«Серпін» сияқты мем­лекеттік бағдарламалар жү­зеге асырылып жатқан өзге солтүстік және сол­түстік-шы­ғыс өңірлердегі де­мо­гра­фия­лық ахуал да әлі оңа­­­лып кете қойған жоқ. Атап айт­қанда, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары тұрғындары санының жыл­дан-жылға кему үрдісі жал­ға­су үстінде. Бұл өңірлерде де көшіп келушілерден гөрі көшіп кетушілер қарасы әлде­қайда көп. Мысалы, Шы­ғыс Қазақстан облысына былтыр 38051 адам көшіп келсе, көшіп кеткендер саны – 49880 адам, ал осы жөніндегі көрсеткіштер Павлодар облысы бойынша тиісінше 26103 және 30331 адам, Қостанай облысы бо­йынша 28260 және 33334 адам болған.

2014 жылы Петропавлға ал­ғаш рет ат басын тіреген сер­пін­­діктердің алғашқы легін ойсы­рап тұрған ортамыз­ды тол­тырып, теріскей өңірге күн­­гейдің жы­лы­лығын ала келе­тін «оңтүстік қар­лығаш­та­рына» балаған едік. Олар­­дың ортақ өтінішіне құ­лақ асқан Парламент Мәжі­лісінің депутаттары ке­­йін ҚызылордаПет­ро­па­вл бағытында жолаушылар пойызының қаты­науына ұйыт­қы болып, жұрт оны жақ­сы ырыммен «Құ­далар пойызы» деп атап кеткен...

Алайда арада уақыт өте келе «Серпін» бағдар­ла­ма­сы­ның нә­ти­желілігі күмән тудыра бас­та­ды. Бұған Мем­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 17 мамырда өткізген ең­бек және жұмыспен қамту мә­се­­лелері жөніндегі жиында назар ауда­рып, «Серпін» бағ­дар­ла­масының тиімділігін арт­тыру қажеттігін айтқан болатын. Себебі осы әлеу­мет­тік жоба бойынша уни­верси­теттер мен кәсіптік-тех­­ника­лық колледждерді тәмам­­­даған серпін­ді­ктердің өз­дері білім алған өңірлерде жұмысқа орналас­уы қанағат­танарлықтай болмай шықты. 2018 жылы жоға­ры оқу орындарын бітірген ал­ғаш­қы түлек­тердің 23 пайы­зығана оқы­ған өңірлерінде жұ­мысқа ор­наласқан. Сондай-ақ кол­ледж­­дер­ді тәмамдаған сер­пін­­дік­тердің 24 пайызы ғана өз­дері білім алған өңірлерде жұ­мысқа қалған.

Соның ішінде, М.Өте­мі­сов атын­дағы Батыс­ Қа­зақ­стан мем­ле­­кет­тік уни­вер­си­тетін 2018 жылы­ бітірген145 түлектің 24-і ғана облыс аумағындағы білім беру ұйым­дарында жұ­мыс­қа ор­на­ласқан, яғни 16,5 пайызы ғана. Сол жылы колледж бі­тір­ген 113 тү­лектің ішінде 6 түлек қана Ж­а­йық өңірінде қалған, яғни 5 па­йызы ғана.

Бұған қоса, Мәжіліс де­путат­та­ры «Серпін» әлеу­мет­тік жо­басы мен жұ­мыс күші артық өңір­­лердің тұр­ғындарын жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс ауда­­ру бағдарламасының мақ­са­ты біреу болғанымен, олар­дың арасында сәйкес­сіз­дік барлығын анық­та­ған. Атап айтқанда, «Сер­пін» бағдарламасы бо­йынша Алматы, Жамбыл, Қы­зылорда, Маң­ғыстау және Түркістан облыстары мектептерінің түлектерін басқа 9 өңірде(Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Пав­лодар және Сол­түстік Қа­зақ­стан облыстарында) оқыту көз­делген болса, қоныс ауда­­­­ру бағдарламасы бо­йын­ша аталған облыстардан қоныс аударушыларды қа­­­былдаушы өңірлер болып жұмыс күші тапшы әрі демографиялық жағдайы мәз емес 4 облыс қана ай­қын­­­далған.

Сол кезде Serpin.KZ сайтында: «Бүгінгі күні бұл жо­ба­ның дамуына кейбір ай­мақ­тардан қатысуға қар­сы­лық білдірулері кедергі жасап жатқанын да айта кету керек», деп ашық жазыл­ғандығы да бекерден-бекер емес-тін. Өйткені жұмыс күші жет­кі­лікті, демографиялық жағ­да­йы тәуір өңірлердің «Серпін» әлеуметтік жобасына онша ықы­лас танытпауын түсінуге бо­лады. Олардың басшылары, ең алдымен, жергілікті мектептер түлектерінің алысқа кет­пей, өңірдегі универ­си­тет­тер мен колледждерге тү­сіп, мамандық алуларына және кейін өздері туып-өскенөңірде жұмысқа орналасуына мүдделі екендігі кәміл.

Осыған орай, Үкімет Мә­жі­ліс депутаттарының ұсы­ны­сына құлақ асып, «Серпін» бағ­дар­ла­масына қатысатын облыс­тардың санын 9-дан 6-ға дейін қысқартып, жұ­мыс күші тапшы 4 өңірдіҚостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақ­стан және Шы­­ғыс Қазақ­стан облыс­тарын және олардың қа­тарына елдегі ішкі көші-қон ерекшеліктерін ескере оты­рып, жаңадан қосылған Ақмола және Қарағанды об­лыс­­тарын қалдырды.

Әйткенмен, «Серпіннің» тиім­ді­лігін арттыру үшін бұл іс-шара да жеткіліксіз болып шықты. Есеп комитетінің мәлі­ме­тіне қа­рағанда, 2020 жылы жоғары оқу орындары мен колледждерде оқытуға жос­парланған 5132 грант­тың 1004-і немесе 20 пайызы ғана иесін тапқан. Ал осы әлеуметтік жоба жүзеге асырылған 6 жылдың ішінде 8 325 грант керексізтболып қалған. 6 жыл ішінде ел қазы­на­сынан бөлінген 5 миллиард теңгеге жуық қаржы игерілмеген. Бұған қоса, «Серпін» бағдарламасы бо­йынша оқу бітірген универси­тет­тер мен колледждердің бар­­лық 11 мың түлегінің 2 мың­­нан астамы ғана (19,5 па­йызы) оқуды аяқтаған соң, солтүстік өңірлерде жұ­мыс іс­теуге қалған. Бұлжо­ба­ның тиімділігі төмен еке­нінің айғағы.

Біздіңше, «Серпін» бағ­дар­­ла­масын «Қуатты өңір­лер – ел дамуының драйвері» Ұлт­тық жобасымен барынша сәйкестендіру қажет. Нақ­ты айтқанда, «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша бөлі­нетін мемлекеттік білім грант­тарын атажұртқа орал­­ған қандастар мен оң­түс­­тік өңір­лер­ден сол­түстік өңір­лерге қоныс ауда­ру­шы­лардың отба­сы­ла­рындағытмектеп бітіруші тү­лек­терге ғана берілетін болса, мұның өзі аталған екі мемле­кеттік бағдарламаның да тиім­ді­лігін арттыруға септігін ти­гізер еді. Бұл, әсі­ресе, «Серпінге» жұмсалған қар­жының дені желге ұшуын тыяры сөзсіз.