Taza.kz
Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
409 материал табылды

Мәселе • 21 Сәуір, 2026

Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?

Кейінгі жылдары елімізде кеңес заманында халқымыздың бойына батпандап кірген әлеуметтік дерт – маскүнемдікке қарсы күреске ерекше мән беріліп отыр. Осы мәселеге қатысты заңнаманы ұдайы жетілдіру, саламатты өмір салтын орнықтыру іс-шараларын іске асыру дені сау ұлт қалыптастыруды көздейді.

Қылмыс • 03 Сәуір, 2026

Мал ұрлығы тыйылмай тұр

«Барымта барда малым бар деме» дейді халқымыз. Елімізде бертінге дейін белең алған мал ұрлығы төрт түліктің арқасында күн көріп жүрген ауылдағы ағайынның жанайқайына айналған еді. Осы келеңсіз құбылысқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы маусым айында Жамбыл облысының жұртшылығымен болған кездесуде ерекше назар аударып, Ішкі істер министрі мен өңірлердің әкімдеріне шұғыл шаралар қабылдауды, ал Парламентке тиісті заңнаманы қатайтуды тапсырған еді.

Жемқорлық • 31 Наурыз, 2026

Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажет

Transparency International жемқорлыққа қарсы күрес және дүние­жүзіндегі жемқорлық деңгейін зерттеу жөніндегі үкіметтік емес халықаралық ұйым 2025 жылғы Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін (СЖҚИ) жариялады.

Шаруашылық • 13 Наурыз, 2026

Ауыл шаруашылығы кооперациясы: Оларды ынталандыру тәсілі қандай?

Елімізде экономикалық серпіліс жасап, ұлттық экономикамыздың тұрақты өсімін 6–7 пайызға жеткізу, 2029 жылға қарай өндіріс көлемін екі есеге ұлғайту міндеті қойылып отыр. Бұл ретте жетекші саланың бірі агроөнеркәсіп кешенінде әлі де толық пайдаланылмаған резерв аз емес. Соның ішінде, негізінен, мал өсірумен айналысатын жеке қосалқы шаруашылықтардың мүмкіндігі мол.

Тұлға • 12 Ақпан, 2026

Тау тұлғалы азамат

Кеңес заманында Көкше өңірі зиялыларының көшін бастаған белгілі қоғам қайраткері, журналист, жазушы Жанайдар Мусиннің жарқын бейнесі әлі жады­мызда. Ауыр дертке шал­ды­ғып, аурухананың ақ төсегіне таңылған күндерінде де қолынан қаламын түсірмей, 55 жасында жарық жұлдыздай жарқ етіп ағып өтіп еді қайран ағамыз.

Сұхбат • 05 Ақпан, 2026

Нұрлан Әбдіров: Біз үшін ең бастысы – сайлаушылар сенімі

Еуропа елдері сайлау ұйымдастырушылар қауымдастығының шешіміне сәйкес, әлемде жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтеді. Оның мақсаты – азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету мен сайлау үдерісін жетілдіруге назар аудару. Сайлау жүйесі қызметкерлерінің биылғы кәсіби мерекесі Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орайлас келіп отыр. Аталған мерзімде еліміздің сайлау жүйесіндегі елеулі өзгерістер мен әлі де шешімін күткен мәселелер жөнінде біздің тілшіміз Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Нұрлан Әбдіровпен сұхбаттасқан еді.

Ауыл • 24 Қаңтар, 2026

Шекара маңындағы ауылдар қайта өркендеу кезеңіне аяқ басты

Кейінгі кезде шекаралық аумақтарды дамытуға ерекше көңіл бөліне бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында шекара маңындағы бұрынғы төрт аудан қалпына келтірілді.

Қоғам • 13 Қаңтар, 2026

Көшке қамшы басар кез келді!

Халқымыздың жалпы саны жылдан-жылға көбейе түскеніне қуанғанымызбен, солтүстік, шығыс облыс тұрғындарының қатары сиреп бара жатқаны алаңдатпай қоймайды. Бірінен соң бірі жабылып жатқан ауылдардан жайлы тұрмыс іздеп үдере көшкен жұрттың ойсыраған орнын шетел мен жұмыс күші артық өңірлерден келіп жатқан қандастар мен қоныс аударушылар толтыра алар емес.

Саясат • 09 Қаңтар, 2026

Көкейдегі көп сауалға нақты жауап

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында ана тіліміздегі республикалық басылымдарға көлемді сұхбат беруі жақсы дәстүрге айналып отыр. Жақында ол «Turkistan» газетіне берген сұхбатында да жұртшылық көкейінде жүрген бірталай сауалға ашық та нақты жауап беріп, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының маңызды мәселелері туралы пайымын ортаға салды.

Қоғам • 07 Қаңтар, 2026

Кембағал жандарға қамқорлықты күшейту қажет

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, бүгінде адамзат саны 8,3 млрд-қа дейін көбейген. Соның ішінде мүгедектігі бар адамдар қатары 1,3 млрд-қа дейін өсіп, әлем халқы құрамындағы үлесі 15,79%-ға жеткен. Олардың 80%-ы дамушы мемлекеттерде өмір сүреді. Еліміздің Ұлттық статистика бюросының ақпарына сүйенсек, 2025 жылы халық саны 20,38 млн-ға дейін өсіп, мүгедектігі бар отандастарымыз 743,9 мың немесе үлес салмағы 3,7% болған.

Яндекс.Метрика