Шаруашылық • 18 Қыркүйек, 2024
Жүгері шаруашылығының келешегі қандай?
Бүгінде қала базарына барған сайын жүгері дәнін арнаулы аппаратқа салып пісіріп, оны таңсық көретін бала-шағаға сатып пайда тауып тұрған адамдарды көріп жүрміз. Сондайда бала кезімізде көкөніс өсіруді білмейтін ауылымыздың маңында жазғытұрым көкке бойлап, жайқалып өсіп тұратын, кеңшардың ірі қарасының қысқы азығына арналған жүгері алқабына барып, сап-сары болып піскен собықты үзіп алып, дәмді дәнін жеп мәз болатынымыз еске түседі. Осы дәрумені көп, денсаулыққа пайдалы өсімдікті бағалай алып жүрміз бе?
Шаруашылық • 17 Қыркүйек, 2024
Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында жалған ақпар беру ауыл шаруашылығындағы шынайы ахуалды бағалауға кедергі келтіріп отырғанына ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы арнайы комиссияның 2 млн ірі қара және 3 млн-нан астам уақ малдың санда бар, санатта жоқ екенін анықтағанын айтып, мұның бәрі мемлекеттен субсидия алу үшін жасалған көзбояушылық деп мәлімдеді.
Қоғам • 10 Қыркүйек, 2024
Өңірлік билік: сенім деңгейі қандай?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында бірінші кезекте жергілікті билікке азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеу міндеті жүктелгендігін, ал әкімдердің қызметіне баға бергенде тәуелсіз әлеуметтік сауалнама жүргізудің маңызы зор екендігін айта келіп: «Бұл тәсіл арқылы билік органдары жұмысының сапасына тұрғындардың көзқарасы туралы шынайы мәлімет алуға болады. Формальды есептерден гөрі сауалнамадан халықтың көңіл күйі анық аңғарылады», деген еді.
ЖОЛДАУ • 07 Қыркүйек, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауы былтырғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауымен сабақтасып, әлемдегі қазіргі аумалы-төкпелі кезеңде еліміздің одан әрі дамуының айқын міндеттерінің нақты шешімдерін ұсынған құжат.
Қаржы • 06 Қыркүйек, 2024
Өңірлер: Әл-ауқат деңгейі әрқилы
Президент 2022 жылы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Қазақстанның өңірлері бірдей деңгейде дамып жатпағаны баршаға аян. Теңсіздік әлеуметтік жайсыздық пен миграциялық көңіл күйге жол ашады», деген болатын.
Зерде • 27 Тамыз, 2024
«Ерліктің атаусыз кетуі – халықтың трагедиясы», деген екен халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы. Астарында айсбергтей үлкен ой жатқан сөз. Пайымдап қарасақ, ерлікті дәріптеу оны жасаған адамнан гөрі егемен ел болғысы келетін халыққа көбірек керек екен. Өйткені батыры көп елдің рухы биік болатыны сөзсіз.
Қоғам • 23 Тамыз, 2024
Халқымыздың тарихында ел басқарған және билікке араласқан әйелдер аз болмағаны мәлім. Тұмар, Зарина патшайымдар, Айғаным ханша, Бопай ханым сияқты атақты арулардың іздерін басқан бүгінгі сіңлілері мемлекеттік қызметтің негізгі жүгін арқалап, нардай өрге тартып жүр.
Қоғам • 22 Тамыз, 2024
Халқымыз ежелден қарияларын қазына санап, «Алпыстан асқаннан ақыл сұра» деген нақыл сөз қалдырған. Тек ата салт-дәстүрімізден айрыла жаздаған кешегі кеңес заманында белең алып, бүгінгі пайда қуған нарықтық қатынастар кезеңінде тіпті тереңдей түскен теріс үрдіс – егде тартқан адамдарды жұмысқа алмау, оларды зейнет жасына жетісімен «құрметті демалысқа» тездетіп шығарып салып «құтылу» қарттардың қабағына кірбің түсіретіні рас.
Қазақстан • 22 Тамыз, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында нағыз дамыған ел болу үшін саяси реформамен шектеліп қалмай, оны түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру міндетін алға қойғаны мәлім. «Реформаның басты мақсаты – экономикамыздың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу және 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге ұлғайту, яғни 450 миллиард долларға жеткізу. Әрине, бұл – ауқымды әрі күрделі міндет. Бірақ біз еліміздің байлығын, табысын азаматтарымыздың арасында әділ бөлуіміз қажет. Бір сөзбен айтқанда, экономикалық өсімнің игілігін әрбір азаматымыз көруі керек. Бұл – принципті мәселе. Еліміздің болашағы баянды болсын десек, бұл стратегиялық міндетті қалайда орындауымыз тиіс», деген еді Мемлекет басшысы.
Пікір • 21 Тамыз, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында: «Дүниетанымымызға жат мәдениеттерге көзсіз еліктеуден, жалған патриотизмнен, даңғойлық пен дарақылықтан сақтануымыз керек. Халқымыздың бойындағы кемшіліктерге көз жұма қарамай, одан арылуымыз қажет. Мұның бәрі күн сайын құбылған тұрлаусыз заманда өмір сүріп жатқан Қазақстанның келешегі үшін айрықша маңызды», деген еді.