Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында соңғы жылдарда түрлі себептерге байланысты бәсеңдеп қалған қандастар көшін барынша қолдап, алыстан келген ағайындарды еліміздің демографиялық жағдайы мәз емес солтүстік және шығыс өңірлерге орналастыруды жандандыру қажеттігін қадай айтқан болатын.
Қоғам • 14 Сәуір, 2021
Қай елдің телесериалын көресіз?
Кейінгі кезде ел телеарналарында отандық киноөнімдер жиірек көрсетіле бастағанымен, шетел фильмдері, әсіресе телесериалдары әлі де көп. Осыған орай, телекөрермендер тарапынан «Қай телеарнаны ашып қарасаң да, көбіне үнді, корей және түрік телесериалдары жүріп жатады. Оларды көрсетуді азайтып, қазақ тіліндегі телесериалдарды неге көбейтпейміз?» деген сұрақ жиі қойылады.
Қоғам • 08 Сәуір, 2021
Осынша мөлшердегі кеңес ақшасы бала күнімнен жадымда ешқашан өшпестей сақталып қалды. Бұл – әкемнің ай сайын алатын зейнетақысының сомасы. Жасы қырықтан асқанында жаңадан құрылған ұжымшарға малшы болып кіргендіктен, зейнетке шығарда еңбек күні (қазіргі еңбек өтілі) аздық етіп, қарттық шағына мардымсыз нәпақа бұйырыпты. Ал сол кездегі жоғары оқу орнының тойып тамақ ішуге ақшасы жетпей, ашқұрсақ жүретін студентіне айына 40 сом стипендия төленгендігін ескерсек, бес жаннан құралған отбасының жалғыз асыраушысының табысының деңгейі қандай болғандығын бажайлауға болар.
Қоғам • 04 Сәуір, 2021
Әп-әдемі істі әкімқаралар қор қылмасын...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында: «Біз еңбек күші көп оңтүстік өңір тұрғындарының солтүстік және шығыс аймақтарға қоныстануына қолайлы жағдай жасап, осы жұмысты назарда ұстаймыз. Бұл – өте өзекті әрі еліміздің қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Бұған қоса соңғы жылдарда түрлі себептерге байланысты бәсеңдеп қалған қандастар көшін барынша қолдап, оларды жоғарыда айтылған өңірлерге орналастыруды жандандырамыз.
Қоғам • 31 Наурыз, 2021
«Аңсаған сәби» тамаша-ау. Тек...
Қазақ – балажан халық. «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деп, қатты айтса да, текке айтпаған. Сәби сүю бақыты бұйырмаған ағайынын аяғандықтан, көп баласының біреуін оның бауырына салатын игі дәстүрі болған. Сол дәстүр көп бала туу «сәннен» шығыңқырап, өзімшілдік өктемдік құра бастаған қазіргі заманда ұмытылып та бара жатқанға ұқсайды. Әйткенмен, «Алпамыс батыр» жырындағы Байбөрі бай мен Аналық бәйбіше сынды бір перзентке зар болып, әулие-әнбилердің басына түнеп, бармаған жер, баспаған тауы қалмаған мұңлық отбасылар үшін жарық дүние есігін ашпай жатып, «көкек» аналары қатыгездікпен бас тартқандықтан, Сәбилер үйін паналауға мәжбүр болған бүлдіршіндерді асырап алу немесе экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) арқылы аңсаған арманға жету жолы табылды.
Қоғам • 16 Наурыз, 2021
Бүгінгі қоғамымызда мемлекеттік тіл мәртебесі бар ана тіліміздің болашағына елеулі алаңдаушылық бар. Бұл тақырыптың бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп жатқандығы – соның айғағы.
Қазақстан • 11 Наурыз, 2021
«Бүгінгі помещиктер» «Жастардың жұмыс істегілері келмейді» деп «жылайды»...
Осыдан он шақты жыл бұрын Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрының ғимаратында ауыл шаруашылығын дамыту тақырыбында өңір активінің жиналысы өткені жадымда.
Қоғам • 04 Наурыз, 2021
«Тамырының» арқасында тірі қалған...
Бала кезімде анамның дастарқанға шашылған нан қоқымын алақанымен сыпырып-сиырып жинап алып, жейтін әдетіне таңғалатынмын. «Нанның кепиеті атпасын» деп бізді де нанды қадірлеуге үйретіп отыратын. Сондайда «Сендер ашаршылықты көрген жоқсыңдар, көрмей-ақ қойыңдар. Біздің көргеніміз жетер. Бірақ сендер оны білуге тиіссіңдер.
Қоғам • 02 Наурыз, 2021
Ауылдарды сақтағандар – арлы басшылар...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында: «Жаңа нарықтық қатынастар ауыл шаруашылығында түбегейлі өзгерістерді талап етті. Бірінші кезекте бастамашыл және еңбексүйгіш қожайындардың аяғынан тұрып кетуіне көмектесу керек болды.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2021
Шекаралас өңірлер ерекшелігі ескерілсе, талай ауыл сақталып, көркейе түсер еді
Ресеймен шектесіп жатқандықтан, еліміздің «солтүстік қақпасы» атанған Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданына қарасты Қулыкөл ауылы облыс орталығынан 560 шақырымдай, ал аудан орталығынан 180 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Сол маңайдағы талай елді мекеннің тоз-тозы шығып, тарап жатқанда жолы нашар, қиян түкпірдегі Қулыкөлдің іргесі сөгілмей, жылдан-жылға көркейе түскендігі қайран қаларлықтай.