Қоғам • 27 Шілде, 2021
Қорқудан қалдың ба, қазағым?..
Былтыр коронавирус пандемиясы үдеп тұрған кезде осы індет ошағы болған Қытай елінде аса қатерлі дертпен күрес қалай жүргізіліп жатқандығы көрсетілген бейнежазба көзіме түскен еді. Онда полицейлер мен санитарлық-эпидемиялық қызмет мамандары көшеде бірлесе іс-қимыл жасап, көлік жүргізушілерін тоқтатып, денелерінің температурасын өлшеп жүргендігі бейнеленген.
Қазақстан • 22 Шілде, 2021
Резервтегі әскери қызмет: Кім және қашан шақырылады?
Жақында Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әскери ведомство халықаралық тәжірибеге сүйеніп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындағанын мәлімдеді.
Үкімет • 22 Шілде, 2021
БҰҰ-да тыңдалатын баяндама талқыланды
Кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде «Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысанын жою туралы халықаралық конвенцияны Қазақстан Республикасының орындауы туралы сегізінші-оныншы жиынтық мерзімді баяндаманы» қорғауға дайындалу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Қоғам • 20 Шілде, 2021
«Газетпен шыбынды және... министрді «өлтіруге» болады». Өркениетті мемлекеттерде ертеректе айтылған осы сөз бүгінде біздің елде де өмір шындығына айнала бастағандай ма, қалай? Мәселен, жуырда «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының меншігіне өтіп, бағыт-бағдарына қазіргі заман талабына сай өзгеріс енгізіліп жатқан «Казахстанская правда» республикалық газетінде жарияланған, Солтүстік Қазақстан облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден көшіп келген қоныс аударушыларды қабылдау ісінде өрескел кемшіліктерге жол берілгендігі өткір сыналған мақалаға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен кешенді тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде аталған өңірдегі Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметтерінен босатылып, облыс пен аудандық деңгейдегі бірқатар басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Үкімет • 15 Шілде, 2021
Қазақстан-Испания: Инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейі
Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Испания Корольдігіне ресми сапары аясында 20-дан астам ірі испандық компания басшыларының қатысуымен инвестициялық дөңгелек үстел өтті. Сонымен қатар бірқатар жаңа жоба бойынша испан тарапымен нақты келіссөздер жүргізілді.
Саясат • 14 Шілде, 2021
samğau – бірлескен жастар жобасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Samğau бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады. Бағдарламаның басты бағыттары – сыни ойлауды, топта жұмыс істей білуді, креативтілікті, Қазақстан жасөспірімдері мен жастарының дағдыларын дамыту.
Қазақстан • 12 Шілде, 2021
«Жусан» операциясының айтылмаған тұстары
«Жусан» арнайы операциясы бастау алғалы 2 жыл уақыт өтті. Бастапқы кезде елден тысқары жүрген азаматтарымызға қоғамда үрке қарағандар басым болғанымен, құзыретті мемлекеттік органдар бірлесе атқарған іс-әрекеттердің нәтижесінде бұл күдіктің сейілгені байқалады.
Қоғам • 12 Шілде, 2021
Ертеректе әжептәуір аты шыққан театр режиссері бір өңірде жаңадан ашылған облыстық қазақ драма театрының директорлығына тағайындалды. Ол әу басында жас әртістер ұжымын алға жетелеп, біршама шығармашылық жетістікке қол жеткізгенімен, көп ұзамай жаманаты естіле бастады.
Саясат • 12 Шілде, 2021
«Елбасы жылуы» іс-шарасының екінші кезеңі басталды
Ел өңірлерінде «Елбасы жылуы» ауқымды қайырымдылық іс-шарасының екінші кезеңі басталды. Ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған.
Тәуелсіздік • 09 Шілде, 2021
Қырымбек КӨШЕРБАЕВ: Әділетсіз құрбан болғандарға әділетті баға беруіміз керек
Жаһанданудың жұтқыншағы желкемізде тұрған кезеңде ұлттық сипатымызды қалай сақтап қаламыз? Ойлай кетсең, санаңа зіл батпан салмақ салатын, көңіліңе кірбің ұялататын сауал. Аласапыран уақытта, аумалы-төкпелі шақта қазақтық қалпымызды, ұлттық салтымызды сақтап, жаңа заманның игіліктерін ел дамуына ыңғайлаудың жүгі ауыр. Осы жолда еңбектену – әрқайсымыздың ұрпақ алдындағы парызымыз. Өйткені елдің болашағы соған тікелей байланысты. Бұл тарапта мемлекеттік ауқымдағы тұлғалар не ойлайды? Соны білмек ниетпен Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевпен сұхбат құрдық.