
Тағзым • 07 Ақпан, 2025
Сынаптай сусыған уақыт... Белгілі журналист, қоғам қайраткері Мейрамбек Төлепбергеннің кенеттен келместің кемесіне мініп, соңғы сапарға аттанғанына да қырық күн өте шықты.
Қоғам • 05 Ақпан, 2025
Сайланған әкім қызметіне сай ма?
Жергілікті жерлердегі түйіні тарқатылмаған көкейкесті мәселелерді шешу барлық деңгейдегі әкімдердің біліктілігіне, ұйымдастырушылық қабілетіне және халыққа жанашырлығына һәм мемлекетшілдігіне байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік қызмет саласында жүзеге асырылып жатқан реформа әкімдерді халыққа жақындата түсті. Алайда алға қойылған маңызды міндеттерді орындауда олардың бәрі бірдей тиімді жұмыс істеп жүр деу қиын.
Елорда • 28 Қаңтар, 2025
Елордада ескерерлік жайлар бар
Елордаға қарап ел бой түзейді. Осы орайда өткен жылғы 11 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде арнайы кеңес өткізіп, Үкімет пен бас шаһардың әкіміне бірқатар тапсырма берген еді.
ЖОЛДАУ • 24 Қаңтар, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің бірнеше облысының біріктірілгенінің сол кездегі саяси және экономикалық ахуалдан туындаған өзіндік себептері болғанын айта келіп: «Қазір Қазақстан дамудың келесі кезеңіне қадам басты. Әлеуметтік-экономикалық және демографиялық ахуал мүлде басқа. Бүгінгі сын-қатерлер де, міндеттер де бөлек. Мемлекетіміздің өркендеуі аймақтардың қуатты болуына тікелей байланысты. «Қуатты өңірлер – қуатты ел» деген ұстаным әрдайым өзекті. Осы орайда еліміздегі әкімшілік-аумақтық құрылымның оңтайлы болуы өте маңызды», деп жаңадан үш облыс ашу туралы ұсынысын ортаға салған еді. Көп ұзамай Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бұрынғы Семей облысының аумағында – Абай облысы, бұрынғы Жезқазған облысының аумағында – Ұлытау облысы, бұрынғы Талдықорған облысының аумағында Жетісу облысы ашылған еді.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2025
Мұқтаж жандарды сарсаңға салмасақ...
Елімізде кейінгі жылдары тұрғынжай құрылысы қарқын алса да, халқымыздың саны жылдан-жылға едәуір өсіп отырғандықтан, пәтер кезегінде тұрған мұқтаж азаматтар азаяр емес. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауында тұрғынжай кезегінде тұрған, өз бетінше баспана мәселесін шешуге табысы жетпейтін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында олар жалдайтын пәтерлердің ақысын субсидиялау бастамасын көтерген еді.
Заң мен Тәртіп • 21 Қаңтар, 2025
Заң үстемдігі индексі: Еліміз қай деңгейде?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында азаматтардың құқығын қорғау саласында кешенді шаралар қолға алынғанын айта келіп: «Негізгі мақсат – әділетті қоғам құру және соның арқасында дамудың сара жолына түскен озық ел болу. Сондықтан біз осы бағыттағы маңызды реформаларды жалғастырамыз, жүйелі жұмысты тоқтатпаймыз», деп мәлімдеді. Ал елімізде заң үстемдігін орнатуға бағытталған қадамдар оң нәтиже бере бастағанын «World Justice Project» халықаралық үкіметтік емес ұйымының Заң үстемдігі индексі растап отыр.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2025
Тірі жетімнің несібесі кемімесін...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауында: «Ұл-қыздарымыздың парасатты және жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтардың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау әрдайым мемлекеттің басты басымдығы саналады», деп мәлімдеді. Бұл ретте бүгінде бауыр еті баласынан безген «көкек әкелер» мен «көкек аналардың» тірі жетім атанған перзенттері үшін алиментті уақтылы және толық мөлшерде төлеу мәселесі өзекті.
Сараптама • 15 Қаңтар, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың былтыр Атырауда өткен үшінші отырысында ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтарға тоқтала келіп: «Халқымыздың қанына сіңген жанашырлық, қамқорлық, бауырмалдық сияқты асыл қасиеттер біздің ұлттық ерекшелігіміз болып қала береді», деген еді. Осы мәселеге Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Экономикалық зерттеулер институты жыл сайын әзірлейтін «Өңірлік әл-ауқат индексі» зерттеуінде ерекше мән беріліп келеді.
Әскер • 11 Қаңтар, 2025
Әскер беделі сарбаздар сапынан көрінеді
Өткен жылдың соңындағы әскерге шақыру науқаны барысында әскери міндетін өтеуден жалтарып жүрген жас жігіттердің талайын Қорғаныс істері жөніндегі және Полиция департаменттерінің қызметкерлері көшеден ұстап алып, әскерге аттандырғанын бұқаралық ақпарат құралдары мен ғаламтордан білдік.
Пікір • 10 Қаңтар, 2025
Күмәнді сейілтіп, сенімді нығайтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында қазақтілді республикалық басылымдардың біріне көлемді сұхбат беріп, өткен жылы атқарылған істерді қорытындылап, алдағы жұмыстың бағыт-бағдарын айқындауды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының маңызды мәселелері жайлы кеңінен сөз қозғауды игі дәстүрге айналдырды. Мемлекет басшысының биылғы 3 қаңтарда «Ana tili» газетінде «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» тақырыбымен жарияланған сұхбатында да көпшіліктің көкейінде жүрген сан алуан сауалға ашық та айқын жауап берілді.