Қоғам • 24 Мамыр, 2024
Жастар жалдамалы пәтерін босата ма?
2019 жыл елімізде «Жастар жылы» деп жарияланып, бірталай игі іс қолға алынған болатын. Соның бірі – жұмыс істеп жүрген 3 мың жас азамат үшін үш мегаполисте жалдамалы пәтерлер салынып, пайдалануға берілгендігі. Нақты айтқанда, жас жұмыскерлер Астана мен Алматы қалаларының әрқайсысында 1 050 пәтерден, ал Шымкентте 900 пәтер алған.
Қоғам • 23 Мамыр, 2024
Жемқорлық тыйылса, жол түзеледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында: «Автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер», деген еді.
Су тасқыны • 21 Мамыр, 2024
Биылғы алапат су тасқыны елді біраз әбігерге салды. Ендігі міндет – алдағы уақытта осындай төтенше жағдайды болдырмау үшін су тасқынының алдын алуда орталық және жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан жол берілген елеулі кемшіліктерді талдап-талқылап, тағылым алу.
Елорда • 18 Мамыр, 2024
Астананың бастамасы – өңірлерге өнеге
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы 18 тамызда Алматы қаласында осы мегаполисті одан әрі дамыту мәселелері жөнінде өткізген кеңесте NEET санатындағы жастар мәселесіне айрықша назар аударып, Үкіметке және «оңтүстік астананың» әкімдігіне жастарды жұмыспен қамту үшін арнайы бағдарлама әзірлеу жөнінде тапсырма берген болатын.
Жоба • 16 Мамыр, 2024
«Дипломмен – ауылға!»: Жоба мақсатына жетті ме?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы қараша айында жаңа жетіжылдық мерзімге ел Президенті болып сайланған соң, алғашқы Жарлығын ауылға арнап, Үкіметке ауыл-аймақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырған еді. Бұл құжат 2023 жылғы 28 наурызда қабылданып, онда ауыл шаруашылығын дамытып, ауылды жерлерде өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар белгіленді.
Пікір • 16 Мамыр, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында: «Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды, ештеңеден құр қалмайды. Бұл істе зиялы қауым айрықша рөл атқарады. Әсіресе елге сөзі өтетін аға буынның орны бөлек», деді.
Құқық • 15 Мамыр, 2024
«Әділеттілік жойылған кезде адамдардың өміріне құндылық бере алатын ештеңе қалмайды» деген екен әйгілі неміс философы Иммануил Кант. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының һәм Әділетті Қазақстан құру идеясының мән-маңызы ерекше. Мемлекет басшысы ел билігін өз қолына алысымен, заң үстемдігін орнату мәселесіне, соның ішінде сот жүйесін реформалауға әрдайым баса назар аударып келеді.
Мәселе • 04 Мамыр, 2024
Шығынды өтеу өлшемі – әділеттілік
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл еліміздің бірқатар өңірінде болған алапат су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың ешқайсысы ескерусіз қалмайтынын, оларға қаржылай көмек көрсетіліп, материалдық шығындары толық өтелетінін мәлімдегені белгілі. Ал Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар осы сын сағатта бекем бірлік көрсеткен халқымызбен бірлесіп, қарғын судың бетін қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатыр.
Қоғам • 03 Мамыр, 2024
Мобильді төлем неге төмендеді?
Биылға дейін еліміз цифрландыру бойынша ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында көшбасшы болғанын мақтан тұтып келдік. Алайда биыл цифрландыру саласында одан әрі ілгері басудың орнына, бір қадам артқа шегініп кеткендейміз.
Құқық • 03 Мамыр, 2024
Жұртшылық ұсынысы жерде қалмайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында: «Азаматтарымыз реформаларға бастамашы болып, ұсыныстар беру үшін онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институтын құру қажет. Мұндай құрылым қандай да бір бұрмалау әрекеттерінен толық қорғалуға тиіс. Үкімет азаматтық қоғаммен бірлесіп, осы маңызды жобаның нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуге және оның барлық техникалық мәселелерін шешуге тиіс», деген болатын.