Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
378 материал табылды

Қазақстан • 10 Сәуір, 2025

Су шаруашылығындағы тоқыраған құрылыстар

Солтүстік Қазақстан облысының орталығынан елу шақырымдай жерде орналасқан Қызылжар ауданындағы Виноградовка ауылы тұрғындарының көбі қысы-жазы көлдің суын тасып ішіп жүр. Әбден тозығы жеткен ескі ұңғыманың сапасы нашар суын амалсыз пайдаланатын адамдар да бар. Виноградовкалықтар осыдан төрт жыл бұрын ауылға құбыр әкелініп, көшеге тартылып, елді мекенді орталықтандырылған су желісіне қосу басталғанымен, көп ұзамай бұл жұмыс тоқтап қалғанына шағым айтып жатады.

Пікір • 04 Сәуір, 2025

Туды қорлау – елді қорлау

Ықылым заманнан бері халқымыз елдігінің басты рәмізі – байрағын ерекше қастер тұтып келеді. Бұл туралы атақ­ты Сүйінбай ақыннан асырып айт­қан ешкім жоқ шығар.

Қоғам • 01 Сәуір, 2025

Мәселе даурықпай-ақ шешілді

Былтыр 1 наурыздан бас­тап еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшкені мәлім. Нәтижесінде, қолда­натын уақытымыз еліміздің батыс өңір­лерімен, сондай-ақ көр­шілес Өзбекстан және Қыр­ғызстан мемле­кет­­терімен те­ңес­тірілді. Бірақ Үкі­мет­тің бұл шешімін көп­­шілік қолдағанымен, оған қар­сы шыққандар қара­сы да аз болған жоқ. Алма­ты қаласының тұр­ғы­ны жа­риялаған пе­тицияға бір жа­рым ай ішінде 50 мың адам қол қойғаны – соның айғағы.

Құқық • 27 Наурыз, 2025

Көші-қон заңнамасы: мәселенің тиімді тетігі қайсы?

Сыртқы көші-қон еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпалын тигізуі үшін оны бақылап қана қоймай, осы үдерістің оң және теріс әсерлерін жүйелі түрде талдап, тиісті шешімдер қабылдап отыру қажет. Мәселен, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне қарағанда, былтыр Қазақстанға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінен және басқа шет мемлекеттерден келген азаматтар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар көбейе түскені алаңдатпай қоймайды.

Заң мен Тәртіп • 05 Наурыз, 2025

Мас жүргізушіні қатаң жаза жөнге салады

«Мас жүргізуші – қылмыскер» деген ертеден келе жатқан ұғым әлі де маңызын жойған жоқ. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметіне қарағанда, 2019 жылы маскүнем жүргізушілердің кінәсінен елімізде 622 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) болып, салдарынан 138 адам қаза тапқан. Сол жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік құралдарын масаң күйінде жүргізгені үшін заңнаманы қатайтуды тапсырған еді.

Жемқорлық • 20 Ақпан, 2025

Жемқорлыққа қарсы күрес күшейді

«Transparency International» үкіметтік емес халықаралық ұйымының 2024 жылғы сыбайлас жемқорлық индексі бойынша еліміз 180 мемлекеттің ішінде 88-орында тұр. Алғаш рет 40 балға қол жеткізген Қазақстан – Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде ең жоғары позицияны иеленумен қатар, рейтингін жақсартқан бірден-бір ел. Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру басымдықтарының бірі ретінде қоғамдық індетке қарсы ымырасыз күресінің нәтижесі.

Мәселе • 13 Ақпан, 2025

Ащы судың әлегі азаймай тұр...

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметіне қарағанда, еліміз 2000 жылы жан басына шаққанда тұтынылған алкогольді ішім­діктерді этил спиртіне айналдырғанда 6,64 литр көрсеткішімен 187 елдің ішінде 68-орынға тұрақтаған екен. Бүгінде елімізде арақ-шарап ішу біртіндеп ­азайып, өткен жылдың қорытындысында 4,5 литр көрсеткішімен 101-орынға шегерілген.

Спорт • 12 Ақпан, 2025

Бұқаралық спортқа да бап қажет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында: «Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымының балаларға барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық денешынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуға тиіс. Бұл саламатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады», деген еді.

Тағзым • 07 Ақпан, 2025

Жүзінен нұр төгілген жан еді

Сынаптай сусыған уақыт... Белгілі журналист, қоғам қай­раткері Мейрамбек Төлеп­бер­геннің кенеттен келместің кеме­сіне мініп, соңғы сапарға ат­танғанына да қырық күн өте шық­ты.

Қоғам • 05 Ақпан, 2025

Сайланған әкім қызметіне сай ма?

Жергілікті жерлердегі түйіні тарқатылмаған көкейкесті мәселелерді шешу барлық деңгейдегі әкімдердің біліктілігіне, ұйымдастырушылық қабілетіне және халыққа жанашырлығына һәм мемлекетшілдігіне байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік қызмет саласында жүзеге асырылып жатқан реформа әкімдерді халыққа жақындата түсті. Алайда алға қойылған маңызды міндеттерді орындауда олардың бәрі бірдей тиімді жұмыс істеп жүр деу қиын.