Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
347 материал табылды

Экономика • 27 Қазан, 2021

Урбандалу: Қала қалай қарсы алмақ ауыл көшін?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асырудың мақсаты – 2021-2025 жылдары базалық қызметтерге тұрғындардың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысын дамыту, көлік қатынасын жақсарту есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру.

Қоғам • 26 Қазан, 2021

Құмға сіңген судай субсидия

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында аграрлық саясатта сабақтастық жоқтығын, министр ауысса, саланың саясаты да өзгеретінін сынай келіп: «Өкінішке қарай, агроөнеркәсіп кешеніне қатысты қозғалған қылмыстық істердің жартысынан астамы субсидияны талан-таражға салуға байланыс­ты болып отыр. 

Аймақтар • 20 Қазан, 2021

«Серпінге» серпіліс қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында Үкіметке көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсыра отырып, ел ішіндегі еңбек күшінің ұтқырлығы мәселесіне қатысты да жаңа ұстанымдар қажеттігін атап көрсеткендігі мәлім.  

Пікір • 18 Қазан, 2021

Өңірлердегі жемқорлықты ауыздықтау амалы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында мемле­кет­т­ік аппарат қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту мерзімін жедел­детуді тапсыра отырып: «Үнем­делген қара­жаттың есебінен қалған қызмет­кер­лердің жалақысын көбейтетін боламыз. Еңбекақысы аз мемлекеттік қыз­меттің қо­ғам үшін пайдасынан зияны көп», деген болатын. Президенттің бұл сөзі қазіргі өмір шындығына сүйеніп ай­тыл­ған­ды­ғы­на шәк жоқ.

Қоғам • 12 Қазан, 2021

Салынған жолды сақтау қиын

Nur Otan партиясының 2025 жыл­ға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр аза­матқа лайықты өмір» сайлауалды бағ­дар­ламасында әрбір тірек ауылға бара­тын жалпы ұзындығы 27 мың километр жергілікті жолдар жөнделіп, олар­дың жақсы және қанағаттанарлық жағ­дай­дағы үлесін 95 пайызға жеткізу көз­­дел­­ген. Қазір өңірлерде осы мақ­сатты орын­дау жолында қыруар жұ­мыс ат­қа­ры­лып жатқандығы жайлы жа­ғым­­ды хабарды жиі естіп, ауылдағы аға­йын­­дардың көбінің жандарына батып, жанай­қайларын шығарып келген күрмеулі мәсе­ленің түйіні тарқатыла түскеніне қуанып отырған жайымыз бар.

Аймақтар • 12 Қазан, 2021

Сайлауалды бағдарламаның іске асырылуы қалай?

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы қарсаңында Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша өңірлерге сапарын жалғастыруда.

Қоғам • 07 Қазан, 2021

28-ден асқан – жас емес пе?

Жастар жылы деп жарияланған 2019 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 3 мың пәтер сатып алу құқығынсыз жалға берілгені мәлім. Сөйтіп ірі мегаполистерде еңбек етіп жүрген соншама жас отбасылар мен жалғызбасты қыз-жігіттер қабырғаларын қайыстырып жүрген баспана мәселесін уақытша (бес жылға) болса да шешіп, қуанып қалды.

Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2021

Шекарашылар элиталық әскер болса...

Шекара – елдің шебі. Ол ит тұмсығын батырмақ түгіл, ата-бабаларымыз ақ най­заның ұшымен, ақ білектің күшімен қор­ғап қалған қасиетті жерімізге көз аларт­қан дұшпан бұзып өте алмайтындай, бо­лат­тай берік болуға тиісті. Әйгілі саяси же­­текші Василий Клочковтың сөзін сәл өзгер­тіп айтсақ, Қазақстан – кең-байтақ, бі­рақ шекарадан шегінетін жер жоқ, артта – туған ел.

Қоғам • 20 Тамыз, 2021

«Әлемдік бейбітшілікке қадам» кітабы

Норвегияның Bike for Peace («Бейбітшілік жолындағы велосипедшілер») қозғалысы «Әлемдік бейбітшілікке қадам» кітабын шығарды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қоғам • 20 Тамыз, 2021

Өңірлердегі «идеолог» орынбасарлар кімдер?

Жолымыз түсіп, Түркістан облысын­дағы Арыстан баб кесенесіне тәу ете барған сайын сол арада жерленген көрнекті мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков марқұмның қабірі басына да барып, дұға бағыштаймыз. Кешегі Кеңес заманында ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді сақтап, өркендетуге елеулі еңбек сіңірген ерен тұлғаның рухы алдында еліміздің әр түкпірінен келген азаматтар тағзым етіп жүреді екен. Әсіресе Өзбекәлі ағамыз бір кезде облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы болған Торғай өңірі тұрғындарының оған деген құрметі мен сүйіспеншілігі ерекше көрінеді.