Нұр-Сұлтан қаласындағы Президент саябағы аумағында енді Eurasian Resources Group-тің (ERG) аллеясы жапырақ жайып, жайқалып тұратын болады. Кеше астанада жыл сайынғы «Ұлттық ағаш егу күні» экологиялық науқанын қолдау аясында «Орнықты даму» жер қорымен бірлесіп ағаш егу іс-шарасы өткізілді.

Экологиялық іс-шараға ERG-дің астаналық кеңселерінің қызметкерлері мен олардың балалары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, еріктілер мен журналистер қатысты.
– Сакура – Жапонияның символына айналған декоративті шие. Әлемде оның 200-ден астам түрі өседі. Негізінен, жылы жақта жақсы тамыр жаяды. Арасында суыққа төзімді түрлері де бар. Бүгін сакураның нақ сол түрінің көшеттерін ектік, – деді «Орнықты даму» жер қорының жетекшісі Алан Бесен. – Көктемде бұл сакураның гүлдеуі тіптен ерекше. Әрі Қазақстан астанасының климатына әбден бейімделген. Мұны айтып отырғаным, біз әкімдікпен бірлесе отырып, егілген көшеттердің тамыр жайып, өсуіне жауаптымыз. Олардың жерсініп кетуін ұдайы бақылап отыратын боламыз.
Бұл – ERG-дің Нұр-Сұлтан қаласындағы үшінші аллеясы. Былтыр көктемде компания қызметкерлері Ұлттық кардиология орталығы маңына және күзде Ататүрік саябағына бадам ағаштарын еккен болатын.
– Біздің ұзақмерзімді экологиялық стратегиямызда топ кәсіпорындары орналасқан өңірлерді көгалдандыру да көзделген, – деді ERG-дің қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Талғат Төребеков. – Тек биылғы көктем мен күзде ғана Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарында және Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында жалпы саны 100 мың түп ағаш егуді жоспарлап отырмыз.
ERG-дің Экологиялық стратегиясы аясында 2025 жылға дейін топ кәсіпорындары орналасқан өңірлерде 420 мың түп ағаш отырғызылмақшы. Осы жобаға жоспарланған жалпы инвестиция көлемі – 1,5 млрд теңгеге жуық.
– Шыбық шаншып, ағаш егу – қалыптасқан игі дәстүрлердің бірі, – деді Алан Бесен. – Мұндай іс-шаралар түрлі маңызды себептер – ерекше атап өтілетін даталар, жалпықалалық мерекелер, жалпықазақстандық сенбіліктер аясында тұрақты түрде ұйымдастырылады. Жыл сайын осы игі іске үлес қосқысы келетін астаналықтар саны да артып келеді. Астананы көркейтіп, жасыл желекпен көмкөруге үлес қосып жүрген әр адамға алғыс айтамын!
Айта кетейік, еліміздің барлық өңірінде экологиялық, әлеуметтік және экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған іс-шаралар мен нақты жобаларды жүзеге асыру арқылы жергілікті қоғамдастықтар мен аумақтардың орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған жастардың коммерциялық емес қоғамдық бірлестігі – «Орнықты даму» жер қорының бастамасымен 2014 жылдың сәуір айында алғашқы Ұлттық ағаш егу күні өткізілген болатын. Бұл іс-шараның мақсаты – орман-тоғайларды қамқорлыққа алып, қалпына келтіріп, халық игілігіне сақтап қалу, қалалардағы жасыл аймақтарды абаттандыру, жұрттың экологиялық сауатын арттырып, Қазақстанның жасыл қорын толықтыру жобаларына бизнестің ресурстарын жұмылдыру.
Сәтін салса, Президент саябағына кеше егілген 300 түп сакура күні ертең астаналықтар мен елорда меймандарының көзайымына айналмақ.
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Шабандоз тақым қысып оқитын жыр
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар