Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел билігінің тізгінін өз қолына алысымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынып, қарапайым адамдарды толғандырған талай көкейкесті мәселенің оң шешілуіне ұйытқы болып келеді. Бұл Мемлекет басшысының өз қызметін, Конституциямызда жазылғанындай, «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деген басты қағидатқа сүйене атқарып отырғанын айғақтайды.

Еліміздегі саяси реформалар экономикалық реформаларға қарағанда әлдеқайда кешеуілдетіліп, мұның өзі даму жолымыздағы үлкен бөгесінге айналғанын ашық айтқан Президент биылғы Жолдауында жұртшылық көкейінде көптен жүрген, әбден пісіп-жетілген саяси мәселелерді шешу жөніндегі бірқатар ұсынысын жариялағаны белгілі. Соған орай белгілі заңгерлер, қоғам қайраткерлері енгізілген арнайы жұмыс тобы құрылып, оның отырыстарында Ата Заңның 33 бабына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар пысықталды. Дайындалған заң жобасын Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің қарауына жіберіп, күні кеше оның оң қорытындысы шығарылды. Енді оны бұрынғы әдетпен Парламентке жіберіп, бір-екі аптаның ішінде жеделдете қабылдап жіберуге де болар еді. Бірақ Президент өзі жариялаған Жаңа Қазақстанның һәм Екінші Республиканың негізін қалайтын аса маңызды конституциялық реформаны ат төбеліндей аз топтың емес, бүкіл халықтың талқысына салуды жөн көріп, референдум өткізуді ұсынды. Ата Заңда: «Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді», деп жазылғанын ескерсек, еліміздің тәуелсіздігі жылдарында мұндай мүмкіндік халқымызға екінші рет берілмекші. Сөйтіп, Конституцияға енгізу ұсынылған өзгерістердің бәрін де Конституциялық Кеңес толық мақұлдағанымен, шешуші таңдауды жасау құқығы халықтың өзіне ұсынылып отыр.
Ал Ата Заңға Президент бастамашылық еткен түзетулердің ішінде халқымыздың тағдырына, еліміздің дамуына зор ықпалын тигізетін үлкен өзгерістер бар. Мәселен, «Жер тағдыры – ел тағдыры» деп санайтын ұлтымыз үшін Конституцияның 6-бабының 3-тармағын: «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп өзгертудің мән-маңызы ерекше. Бұл алдағы уақытта жерге қатысты маңызды реформалар жер иесі – халықтың пікірі ескерілмей шешілмейді деген сөз.
Мемлекет басшысы елде бәрін бір-ақ адам мен оның төңірегіндегілер шешетін «суперпрезиденттік» жүйеден бас тартып отырғаны да өте маңызды. Ата Заңға сәйкес ол барлық азамат үшін тең мүмкіндіктердің кепілі болуға тиіс. Сондықтан да, конституциялық реформаға сәйкес енді Республика Президентінің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы болмайды .
Қазіргі сайлау жүйесін жетілдіріп, Парламент Мәжілісінің сайлауында пропорциялыққа қоса, мажоритарлық жүйені де енгізу азаматтардың саяси белсенділігін, төменгі Палатада көзқарастардың әралуандығын қалыптастыруға мүмкіндік бермек. Бұл саяси партиялардан сайланған депутаттары кейде фракциялық қатаң тәртіпке бағынып, айтар сөзін айта алмай жүрген Мәжілістің беделін арттыра түсері анық.
Президенттің елімізде бұрын болған Конституциялық Сотты қалпына келтіру туралы бастамасы да Жаңа Қазақстан һәм Әділетті Қазақстан құру бағытындағы маңызды қадам екені даусыз. Ол азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейте түспек. Себебі енді оған қарапайым азаматтар да тікелей жүгіне алады. Ал осыған дейін Конституциялық Кеңеске жүгіну құқығы тіпті Парламенттің жекелеген депутаттарына да берілмеген болатын.
Міне, осындай өрелі де өміршең өзгерістерді Ата Заңға енгізу мәселесін енді республикалық референдумға қатысатын халықтың өзі шешпек.
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар