Энергетиктер үшін қысқы маусым – нағыз сыни кезең. Себебі нақ осы кезде энергия нысандарының экстремалды жағдайда жұмыс істеуге дайындығының сапасы, сондай-ақ персоналдың кәсіби шеберлігі мен біліктілігі жан-жақты тексеріледі. Энергетиктердің өткен күзгі-қысқы кезеңдегі қиындықтарды қалай еңсергені жөнінде «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бақытхан ЖАЗЫҚБАЕВ әңгімелеп берді.

– Бақытхан Медеғалиұлы, бұқаралық ақпарат құралдарында биылғы 25 қаңтарда үш мемлекеттің жарықсыз қалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Оқырмандарымызға осы төтенше оқиға жайында толығырақ айтып берсеңіз.
– Әлбетте. Өкінішке қарай, сол кездегі межеден тыс болған жүктеме айтарлықтай оқиғаға айналды. Дәлірек айтсақ, 2022 жылғы 25 қаңтарда Орталық Азияның (Өзбекстан мен Қырғызстан) энергия жүйелері тарапынан болған авариялық теңгерімсіздіктің салдарынан 500 кВ қуат Қазақстанның Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік электр энергиясы транзитіне жүктемеден тыс түсіріліп, авариялық ажыратулар болды. Еліміздің оңтүстігіндегі тұтынушылардың басым бөлігі жарықсыз қалды. Шектеулер көлемі шамамен 1 500 мегаватты құрады. Бұл компания персоналы үшін өте қиын сынақ болды. Дегенмен аварияны жоюға және Қазақстандағы барлық тұтынушыға қойылған шектеулерді алып тастауға бас-аяғы төрт сағаттай уақыт жұмсалды.
Авариядан кейінгі алғашқы сағаттарда бұл оқиғаға қазақстандық тарап себепкер болды деген ақпараттық хабарлама тараған болатын. Алайда қазіргі кезде Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан энергия жүйелерінің жүйелік операторлары өкілдерінен тұратын «Энергия» үйлестіру диспетчерлік орталығының арнайы комиссиясы жұмысының қорытындысы жарияланды.
Тексеру актісіне сәйкес аварияға Өзбекстан энергия жүйесіндегі ажыратулар себеп болған: дәл сол күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11.59-да Сырдария АЭТ пен 500 кВ «Ташкент» ҚС-ны біріктіретін 500 кВ әуелік электр жеткізу желісінде тұйықталу орын алды. Бұдан кейін 500 кВ-тық шиналардың бірінші және екінші жүйелерінің дифференциялық қорғаныстарының артық жұмысы Сырдария АЭТ-індегі генерацияның біршама төмендеуіне, электр стансалары маңайындағы электр тораптарының көптеп ажыратылуына және Қазақстан Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің 500 кВ Қазақстанның Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік транзитіне 2 100 МВт шамасындағы қуаттың жүктемеден тыс түсірілуіне әкелді (бұл ұйғарылған көлемнен жеті есе жоғары).
Жүйелі авариялар кезінде энергия жүйесін бөлу жөніндегі талаптарға сәйкес «KEGOC» АҚ электр тораптарының және Қазақстанның оңтүстігіндегі электр стансаларының аварияға қарсы автоматикасы дер кезінде іске қосылды. Осының нәтижесінде еліміздің оңтүстігінде жарықтың толық өшуіне жол берілмеді. Қазақстанның оңтүстігіндегі тұрғындардың шамамен 60 пайызын электрмен жабдықтау әдеттегі қалпында қалды. Бұл жолы Өзбекстан мен Қырғызстанның энергия жүйелері тоқтан толығымен ажыратылды.
Әрине, тұтынушыларға әсер ететін апаттардың жөні бөлек. Электр жүйесінде электр стансалары мен желілері жабдықтарының бұзылуы жиі кездеседі. Олар жайында тұтынушылар білмеуі де мүмкін. Мұның барлығы – жүйелік оператордың кәсіби жұмысының жемісі. Алайда аварияларды жоюдан да асқан қиындықтар кездесіп жатады.
Мәселен, осы жылдың басында, небәрі төрт күннің ішінде – 16-20 қаңтар аралығында ЕЭК электр стансасындағы №4 энергияблоктың корпусы, Екібастұз ГРЭС-2 стансасындағы жұмысы толықтай тоқтатылған екі энергияблок, Екібастұз ГРЭС-1-дегі №2 және №5 энергияблоктар авариялық жөндеуге шығарылды. Бұл дегеніміз 2000 МВт астам қуат және Алматы облысының қысқы кезеңдегі тұтынатын энергиясының көлемінен көп.
Бұл жағдайда Қазақстан БЭЖ-нің жүйе құраушы желісі мен мемлекет аралық электр беру желілеріне шамадан тыс жүктеме түсу қаупі және соның салдарынан тұтынушыларды жаппай электр энергиясынан ажыратуға әкеліп соғатын жүйелік авария қаупі туындады. Осы күрделі жағдайда аварияларды болдырмау үшін жергілікті атқарушы органдармен келісілген тізбеге сәйкес бірқатар ірі өнеркәсіптік тұтынушылардың электр тұтынуына нақты шектеулер қойылды. Сол арқылы елді мекендерді тұрақты энергиямен жабдықтау қамтамасыз етілді.
Мұның өзі еліміздегі электр желілерінің сенімділігін көрсетеді. Алайда ең заманауи және сенімді жабдықтардың өзі төтенше жағдайларда, оның ішінде ауа райына байланысты жағдайларда жұмысқа дайын болуы үшін сауатты әрі уақтылы қызмет көрсету талап етіледі.
– Желілерге қызмет көрсету процесіне толығырақ тоқталып өтсеңіз?
– Өткен күзгі-қысқы кезеңге дайындықты 2021 жылдың сәуір айында бастаған едік. Әдетте жөндеу науқаны әуелік электр желілері мен қосалқы электр стансаларынан басталады. Сәуірден қыркүйекке дейін 93 электр жеткізу желісі және 43 қосалқы станса жабдығы жөндеуден өтті. Бұған қоса, ғимараттар, құрылыстар мен автотехника жөнделді.
Филиалдарда авариялық жағдайларға арналған қосалқы бөлшектер, конструкциялар мен жанар-жағармай қоры толықтырылды. Желілік бригадалар мамандандырылған техникамен, барлық қажетті құрылғымен және арнайы киіммен қамтамасыз етілді.
Эпидемиялық жағдайға қарамастан, дайындық және жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес аяқталды. Энергетика министрлігіне қарасты Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті 2021 жылғы 21 қыркүйекте «KEGOC» АҚ-ға 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын берді.
Биыл да желілерді келесі күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындауды бастап кеткенімізді атап өткім келеді. Ауа райы жылыған кезде 94 электр жеткізу желісін және 37 қосалқы стансаны жөндеуді жоспарлап отырмыз.
Компания ұжымы алдында Қазақстанның Ұлттық электр торабының сенімді жұмыс істеуін және жүктеменің күзгі-қысқы межеден сәтті өтуін қамтамасыз ету міндеті тұр. Біз оны ойдағыдай аяқтайтынымызға сенімім зор.
– Компания желілерінің сенімділігін арттыру үшін тағы қандай жұмыстар атқарылуда?
– Жоғарыда желілерді күзгі-қысқы жағдайларда жұмыс істеуге дайындауды мысалға келтірдім. Алайда бұл – энергия нысандарының сенімділігін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстардың бір бөлігі ғана. Қазіргі кезде «KEGOC» әуе желілерін қайта жаңарту бойынша жобаларды іске асыруда.
Нормативтік қызмет ету мерзімі жеткен, сондай-ақ қызмет ету мерзімі таяудағы жылдары аяқталатын электр жеткізу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 2000 км-ден асатын «Ақтөбе ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» және «Сарыбай ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ желілері қайта жаңартылуда. «Ақтөбе ЖЭТ» және «Батыс ЖЭТ» филиалдарының 24 нысанының 18-інде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде 2029 шақырым әуе желісінің 1370-ы қайта жаңартылды.
Өткен қыс маусымында адами фактордың салдарынан жол берілетін авариялардың болмағанын ерекше атап өткен жөн. Керісінше, бүкіл құрылымдық бөлімшелер мен түрлі деңгейдегі қызметкерлердің үйлесімді жұмысы қаңтар айында болған авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтауға мүмкіндік берді. Бұл үшін әріптестеріме ризашылық білдіргім келеді.
– Болашақта мұндай төтенше оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін қандай шаралар қолданылуда?
– Кез келген штаттан тыс болатын жағдай әрдайым мұқият тексеріледі. Тексерудің мақсаты – болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға арналған негізгі ұйымдастыру және техникалық шараларды әзірлеу. Бұл туралы жоғарыда айтып кеттім.
«KEGOC» АҚ тұтынушыларды энергиямен үздіксіз жабдықтау мақсатында барлық аймақта сенімділікті арттыру бойынша қосымша іс-шараларды өткізеді. Компания «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасын іске асыруда. Бұл жоба Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары желілерінің өткізу қабілетін және тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін кемінде екі есе арттырады.
Жалпы ұзындығы 779,7 километр 220 кВ «Орал – Правобережная – Индер – Қарабатан – Теңіз» екінші транзитін салу жоспарланып отыр. Соған қоса 220 кВ «Орал» қосалқы стансасы қайта жаңартылады, 220 кВ «Құлсары», «Теңіз», «Индер», «Бейнеу» қосалқы стансалары кеңейтіледі, «Қарабатан» тарату пункті салынатын болады.
Ауқымды жоба аясында өзге де бірқатар іс-шараны өткізу жоспарланып отыр. Олар жергілікті электр стансаларында авариялық ажыраулар болған кезде генерациялайтын қуаттардың біршама көлемін резервтеу есебінен желінің өткізу қабілетін арттырады.
«Аврора», «Боран», «Ақтөбе», «Орал», «Өлке», «Правобережная», «Алматы», ОҚ МАЭС, «Водозабор», «Жилпоселок», «Атырау», «Бейнеу», «Құлсары», «Теңіз», «Индер», «Шығыс», «Екібастұз», «Ағадыр», «Балқаш», «Жезқазған», «Жамбыл», «Қаратау», «Кентау», «Қызылорда» қосалқы стансаларында жоғары вольттік жабдықтарды ауыстыра отырып, ашық және жабық тарату құрылғыларын қайта жаңарту бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Осындай ауқымды жұмыстар Қазақстан Ұлттық электр торабының қызмет ету сенімділігін арттыруға және технологиялық аварияларға жол бермеуге бағытталған. Компания өз тұтынушыларын электр энергиясымен үздіксіз жабдықтау үшін бар күшін салады.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, әріптестеріме апатсыз жұмыс істеуін, желілерде жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұлжытпай сақтауын және 2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық бойынша жөндеу науқанын табысты аяқтауын тілеймін.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен
Кәрібай МҰСЫРМАН,
«Egemen Qazaqstan»
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар