Есірткі • Бүгін, 11:02

Ақтауда ер адамнан 4 келіден астам гашиш тәркіленді

1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізіліп келген ірі көлемдегі есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда ер адамнан 4 келіден астам гашиш тәркіленді

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің мәліметінше, мамыр айының соңында Ақтау қаласында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында оның иелігінен гашиш салынған төрт пакет табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4 келіден асқаны анықталған.

Шымкент тұрғынынан аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленді

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ІІМ өкілдері есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген құқықбұзушылыққа заң аясында қатаң шара қолданылатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар