Бұдан бірер жыл бұрын Nur Otan (қазіргі Amanat) партиясының астанадағы орталық қоғамдық қабылдауына кішкентай баласын ертіп келген бір әйел өздерінің Қарағанды облысынан қоныс аударып, таныстарының қала іргесіндегі саяжайында тұрып жатқандарын, мемлекеттен ешқандай әлеуметтік көмек ала алмай жүргендерін айтып шағынғаны жадымда.

Сөйтсе, ол елордада еш жерде тіркелмеген болып шықты. Сол себепті аз қамтылған отбасыларға тиесілі жәрдемақыға қол жеткізе алмаған. Әр жерде жұмыс істеп тапқан мардымсыз тиын-тебені отбасын асырауға жетпеген соң амалсыздан Мәжіліс депутаттары жүйелі түрде қатысатын қоғамдық қабылдауға ұдайы келіп, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай берген ақшалай жәрдемін алып тұруды әдетке айналдырған көрінеді.
Анықтап білсек, ауылдан қалалы жерге көшіп келіп, біреулердің саяжайларында тұрып жатқан өзіндік баспанасы жоқ азаматтар қатары қалың болып шықты. Үкіметтің мәліметіне қарағанда, қазіргі кезде еліміздегі саяжай алаптарында 433 мың адам тұрақты тұрып жатыр. Соның ішінде, Алматы облысында – 350,4 мың, Ақтөбе облысында – 51,2 мың, Батыс Қазақстан облысында – 17,4 мың, Қызылорда облысында – 11,2 мың, Түркістан облысында – 1,8 мың, Қостанай облысында – 738, Атырау облысында – 139, Қарағанды облысында 130 отандасымыз саяжайларды паналауға мәжбүр болған. Олардың 35,1 мыңы – мектеп жасындағы балалар екенін ескерсек, осы әлеуметтік мәселенің қаншалықты маңыздылығы тіпті айқындала түседі.
Бұл теріс құбылыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында кеңшарларды жекешелендіру кезінде «қызыл директорлардың» дені құлқындарының құлы болып, ұжымдық мүлікті талан-таражға салып, өздеріне сеніп тапсырылған шаруашылықтарды қасақана банкрот қылғанының, сөйтіп ауылдағы жұмыс орындары жаппай жабылып, тұрғындар қалалы жерлерге үдере көшкенінің, ал Үкімет урбандалу үдерісін реттемей, бетімен жібергенінің салдарынан пайда болған.
Саяжайлардың көбі тұрмысқа қолайлы етіп жайластырылмағаны мәлім. Мәселен, Атырау облысындағы – 139, Алматы облысындағы – 36, Солтүстік Қазақстан облысындағы – 18, Қостанай облысындағы – 11, Қызылорда облысындағы – 8, Ақтөбе облысындағы – 3, Қарағанды облысындағы 2 саяжай алабы сумен, электр энергиясымен, газбен қамтамасыз етілмеген болып шықты. Саяжайларға баратын жөнді жолдың жоқтығынан, әсіресе жауынды-шашынды күндері «Жедел жәрдем» көліктері науқастардың шақыруларына уақтылы келе алмайды, сондай-ақ балалардың мектепке қатынауы да қиынға соғады. Ал қолданыстағы заңнама бойынша саяжайлардың инфрақұрылымын дамыту – саяжайшылар бірлестіктерінің міндеті болып саналады. Алайда олардың қаржылық мүмкіндіктері шектеулі.
Саяжайларды жалдап тұрып жатқан адамдардың көпшілігі – аз қамтамасыз етілген жандар екені белгілі. Олардың отбасыларындағы жастар тұрмыстың қиындығын бала күндерінен көріп өсіп, өмірге өкпелі, билікке ренішті болып жүретіні, сол себепті кейбіреулері теріс діни ағымдардың жетегіне еріп, алданып-адасып жататыны да белгілі.
«Ештен кеш жақсы» дегендей, Үкімет саяжай алаптарының көкейкесті мәселелерін шешуге көңіл бөліп, арнайы іс-шаралар жоспарын іске асыруға кірісіпті. Соған сәйкес барлық өңірде саяжай бірлестіктерінің өкілдері енгізіле отырып, жұмыс топтары құрылған. Нәтижесінде, Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында саяжайларда тұратын оқушыларды мектепке тасымалдау мәселесі шешілген.
Әйткенмен, саяжайларды паналап отырған отбасылардың мүшелерін тіркеу, оларды пәтер кезегіне тұрғызу, араларындағы мұқтаж жандарды әлеуметтік қолдау мәселелері әлі шешімін тапқан жоқ. Бұл үшін, әрине, саяжайлардың мәртебесін заңнамалық тұрғыдан айқындау қажет. Шынтуайтында, Алматы облысы сияқты табиғаты тамылжыған, климаты жылы өңірдегі немесе ірі қалалардың іргелеріндегі көптеген саяжай тұрғын үйден еш кем емес қой. Ендеше, оларды неге заңдастырмасқа?!
Бүгін Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Германия ойнайды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Елімізде бір тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 11:45
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Қарағанды облысында 100-ден астам отбасы баспанамен қамтылмақ
Аймақтар • Бүгін, 10:43
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар