Фото: Степногорск әкімдігі
Жылу-энергетика мекемесінің мәліметінше, апат Бородин № 221А көшесіндегі диаметрі 150 мм құбырда болған.
«Қаладағы № 5 жалпы білім беретін мектеп, АӘД спорт залы және 8 КЖО жылусыз қалды. Апатты жағдай 20:00-ге дейін жойылады», деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бұған дейін апат салдарынан бірнеше тұрғын үй жылусыз қалған еді. Бір күн бұрын Рудныйдағы жылу трассасында екі рет коммуналдық апат болды, 200-ге жуық абонент жылусыз қалған.