Қазіргі кезде әлеуметтік желіні ашып қарасаңыз, көзіңізге петиция түспей қоймайды. Әртүрлі ұсынысты жақтаушылар мен жақтамаушылар өзара жарысқа түскендей әсер қалдырады. Алайда олар «Онлайн петиция деген не өзі? Оны әзірлеу және қарау тәртібі қалай? Жалпы, осы әрекетімізден нендей нәтиже шығады?..», деген сауалға аса бас қатырып жатқан жоқ сияқты.

Шынтуайтында, бұл ретте «арбамыз атымыздың алдына шығып кеткенге» ұқсайды. Себебі елімізде онлайн-петиция туралы заң әлі қабылданған жоқ. Демек, мыңдаған адам қол қойып, құптап жатқан ұсыныстар жазылған петиция белгілі дәрежеде қоғамдық пікір туғызып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын ұстанып отырған билік басындағылардың назарын аудартқанымен, ресми қарауға жататын құжат болып саналмайды. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйекте жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында: «Азаматтарымыз реформаларға бастамашы болып, ұсыныстар беру үшін онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институтын құру қажет. Мұндай құрылым қандай да бір бұрмалау әрекеттерінен толық қорғалуға тиіс. Үкімет азаматтық қоғаммен бірлесіп, осы маңызды жобаның нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуге және оның барлық техникалық мәселелерін шешуге тиіс», деген болатын. Содан кейін Үкіметіміз бір жылдан астам уақыт бойы «жүз ойланып, мың толғанып» дегендей, ақыры 2021жылғы қарашаның 12-сінде Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын ұсынды. Осы құжат арқылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне петициялар туралы толықтыру енгізілгелі отыр.
Аталған заң жобасы бойынша петиция – мемлекеттік органға, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органға электрондық нысанда жіберілген ұжымдық хабар, үн қосу немесе ұсыныс деген ұғымды білдіреді. Ол уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын интернет-ресурс арқылы жолданатын болады. Үкіметтің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша петициялар жолдау үшін олардың әрқайсысына әртүрлі мөлшерде қол жинау көзделген. Петицияны тиісті мемлекеттік орган, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы орган қарайды деп белгіленген. Тағы бір айта кетерлігі, заң жобасында адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғуы, қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіруі мүмкін жайттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы мен шекарасы, сот төрелігі, прокуратура органдарының жоғары қадағалауы, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті сақтау, халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелерді орындау, мемлекеттік рәміздер, мемлекеттік тілдің мәртебесі сияқты бірқатар мәселе петицияға арқау бола алмайды деп көрсетілген. Әрине, бұл заң жобасына Парламент депутаттары өз түзетулерін енгізіп, оны жетілдіре түсуі әбден мүмкін.
Бүгіндері әлеуметтік желіде қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарында көптен бері көтеріліп жүрген Петропавл мен Павлодар қалаларының және Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының атауларын өзгерту, Алматы қаласының әуежайына Дінмұхамед Қонаев есімін беру туралы петицияларға пікір білдіріп, қол жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Сайып келгенде, олардың бәрі – ең алдымен, жергілікті атқарушы және өкілді органдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындардың пікірлерін ескере отырып қарайтын мәселелер. Өкінішке қарай, қазір әлеуметтік желідегі жоғарыда аталған қос қала мен аудан атауларын өзгерту төңірегіндегі пікірлерден кейбіреулердің ұлт пен ұлыстың арасына сына қағу пиғылы да байқалып қалады. Ондайлардың алды әкімшілік жауапқа тартылып та жатыр. Осы орайда, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау міндеті жүктелген Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның өңірлік бөлімшелері әлеуметтік желідегі ұшқыннан от шығып кетпеуі үшін барынша қырағылық танытып, белсенді іс-әрекет жасағаны жөн деп ойлаймыз.
Жібек Құламбаева Сербияда өткен теннис жарысының жеңімпазы атанды
Теннис • Бүгін, 18:31
Алтын-Емел табиғи паркінде жабайы қабандар фототұзаққа түсіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:35
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:28
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек
Әлем • Бүгін, 14:38
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар