Саясат • Бүгін, 00:43

Балалар қауіпсіздігін қорғау – басым бағыт

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған жиын өтті.

Балалар қауіпсіздігін қорғау – басым бағыт

Басқосуға Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Бас прокурор­дың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қатысты.

Жиында Астана және Алматы қалалары, Ақтөбе, Жамбыл, Қараған­ды, Қостанай, Қызылорда облыстары әкімдерінің орынбасарлары баян­дама жасап, балалар қауіпсіздігін қорғау саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды.

Ерлан Қарин балалар құқығы мен қауіпсіздігін қорғау ішкі сая­сат саласының басым бағыты әрі Мемлекет басшысының жіті наза­рындағы мәселе екенін еске салды.

Мемлекеттік кеңесші еліміз­де балалардың құқығын қорғау саласында заңнамалық және инсти­ту­ционалдық негіздер қалып­тасқанын атап өтті. Сонымен қатар «Қазақстан балалары» бағдарламасының жобасы аясында 100-ден аса іс-шарадан тұратын кешенді шаралар қарастыры­лып отырғанын жеткізді. Мұның барлығы балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілін жетілдіруге бағытталған.

Ерлан Қарин Оқу-ағарту ми­нистр­­лігіне аталған бағыттағы жұ­мыс­ты ұтымды үйлестіріп, бір­лес­кен іс-қимыл шаралары мен тә­сіл­дерін әзірлеуді тапсырды.

Өңірлер басшылығының қаты­суы­­мен мұндай жиындар тұрақты түрде ұйымдас­тырылады.