Үкімет дайындап, Парламенттің қарауына ұсынатын заң жобалары орыс тілінде әзірленетіндіктен, қазақ тіліндегі аударма мәтіндерінен шикіліктер шығып жататыны жайлы сынды сол құжаттарды бірінші болып қарайтын Мәжіліс депутаттары да, қоғам өкілдері де айтудай-ақ айтып келеді. Алайда одан шыққан нәтиже жоқтың қасы. Себебі заң жобаларын дайындаумен айналысатын мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің көбі мемлекеттік тілге шорқақ екендігі жасырын емес.

Жақында жазушы Роза Мұқанова Facebook-тегі парақшасында: «Таңертең емханаға анализ тапсыруға бардым. 28 бен 50 жас аралығындағы кілең қазақ. Бәрі жоғары білімді. Өйткені бұл клиника Президенттің іс басқармасына қарайды. Демек бәрі – мемлекеттік қызметшілер. «Соңы кім?», деп сұрадым, талон беретін аппарат істен шыққаны көрініп тұр. Бәрі одырая қарады. Шамасы, мынау не айтып тұр десе керек. «Соңы кім? Ауыздарыңа құм құйып алғанбысыңдар?». Енді түсінді, білем. «Я!», деді біреуі. Сонымен ұзын-сонар кезекте тұрмыз. Сенесіз бе? Бірде-бір қазақ өз тілінде кезек сұрамады, тіпті сөйлемеді де. Барлығы 100 пайыз орыс тілінде ғана қарым-қатынас жасап тұр. Бір адам, бір пенде өз ана тілінде тіл қатпады. Бұл не?.. Кінә кімде?.. Кінә қазақтың өзінде. Қазақ өзін сыйламайды. Қазақта намыс жоқ. Бүгін жылағым келді. Үйге әрең жеттім. Көңілім қалды.
...Ұлт ретінде тым болмағанда ішкі құпиямызды, ішкі қарсылығымызды да сақтай алмаппыз... Өзін өзі қорлыққа жеккен, көндіккен, болашағынан қорықпайтын, алаңдамайтын, мемлекеті тұрмақ, ұлты тұрмақ, өз қара басының, баласының қамын ойлау санада атымен жоқ, әр нәрсеге бір алдана салатын әуесқой, кіресілі-шығасылы ғана есі бар әйелдерді, еркектерді көрдім. Анығында «ата-аналарды» көрдім. Шошыдым!», деп жазып, осы көңілсіз көріністі һәм қоғамдық құбылысты «Ұлттың ұлы трагедиясы» деп атапты...
Расында да, Қазақстан деген атауының өзі-ақ қазақ тілін меңгеруге үндеп тұрған мемлекеттің мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік тілді неге білмейді? Мұндай масқара парадокске қалай жол беріліп отыр? Біздіңше, бұл, ең алдымен, қолданыстағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңда мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білуі турасында ешқандай талап қойылмағандығынан. Мәселен, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жарияланған конкурстарға қатысушылардан мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде эссе жазу ғана талап етіледі. Ал «Қазтест» жүйесі арқылы мемлекеттік қызметке үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейі анықталғанымен, бұл жөніндегі көрсеткіш олардың жеке қасиеттерін бағалау кезінде мүлдем ескерілмейтін болып шықты. Нақты айтқанда, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына» сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін мән белгіленбейді» екен. Бұл – қазақ тілінде бір ауыз сөз білмесең де мемлекеттік қызметке қабылдана бересің деген сөз.
Сонда мемлекеттік тілден мақұрым қалған мемлекеттік қызметшілер дайындаған заң жобаларын қазақшаға аударып жүргендер кімдер? Әрине, аудармашылар. Оларға сол үшін мемлекет қазынасынан жыл сайын миллиондаған теңге ақы төленеді. Егер соншама қаражат мемлекеттік тілді мінсіз меңгерген мемлекеттік қызметшілерге қосымша ақы ретінде төленсе, онда қазақ тілін білетін шенеуніктер қатары қалыңдап, ана тіліміздің шынайы мәртебесі аса түсер ме еді деген ой келеді. Белгілі жазушы айтқан «ұлттың ұлы трагедиясын» болдырмаудың бір жолы да осы болар.
...Ата Заңымыз бойынша Қазақстан Президенті болып мемлекеттік тілді еркін меңгерген азамат қана сайлана алады. «Генерал болуды армандамаған солдат – солдат емес» деп, Александр Суворов айтқандай, Президент болуды армандамайтын және мемлекеттік тілді меңгергісі келмейтін мемлекеттік қызметші де мемлекеттік қызметші болып жарытпайтын сияқты...
Ақтөбеде оқушы қызды қаңғыбас иттер талап тастады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейген
Қоғам • Бүгін, 13:36
Елімізде 18 мың адам мүгедектікті үйінен шықпай рәсімдеді
Қоғам • Бүгін, 13:25
Ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35 пайызға артқан
Үкімет • Бүгін, 13:18
Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:13
Теннисші Алан Құрманғалиев алдына жан салмады
Спорт • Бүгін, 13:02
Президент жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:55
Еліміздегі алғашқы АЭС Балқаш маңына салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:50
Биыл 170 мыңнан астам түлек үшін соңғы қоңырау соғылады
Білім • Бүгін, 12:40
Егістік суының 40 пайызы далаға кетіп жатыр – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 12:31
Аймақтар • Бүгін, 12:23
Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма?
Білім • Бүгін, 12:16
Елордада Сирия жөніндегі кезекті келіссөз өтеді
Елорда • Бүгін, 12:07
Германия маймылшешек ауруына байланысты карантин жариялайды
Әлем • Бүгін, 11:57
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы ақтөбелік тұрғындармен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:44
Кувейтте құмды дауылға байланысты әуе рейстері тоқтатылды
Әлем • Бүгін, 11:39
Елордада 11 автобус бағытын уақытша өзгертті
Елорда • Бүгін, 11:29
Қызылорда облысында күріш алқабы қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 11:17
«Достық» каналы арқылы 330 млн текше метр су алынады
Қазақстан • Бүгін, 11:08
Шардара су қоймасына келетін су көлемі ұлғайды
Қазақстан • Бүгін, 10:59
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам 7 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Елімізде тағы 4 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:41
Білім • Бүгін, 10:30
Спорт • Бүгін, 10:29
Спорт • Бүгін, 10:27
Медициналық пойыздар жолға шықты
Медицина • Бүгін, 10:17
ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды
Ғылым • Бүгін, 09:38
Қазақстан елшісі француз ғалымын марапаттады
Әлем • Бүгін, 09:15
Спорт • Бүгін, 08:59
Аймақтар • Бүгін, 08:58
«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой!»
Спорт • Бүгін, 08:57
Хоккей • Бүгін, 08:55
«Жасыл» өсім орнықты дамуға жетелейді
Экология • Бүгін, 08:52
Жарқын бейнесі жадымыздан өшпейді
Қазақстан • Бүгін, 08:50
Адалдық пен шындықты шырақ етті
Қазақстан • Бүгін, 08:48
Бекхожин еңбектері ғылыми айналымға енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 08:45
Көшелерде су көлкімеуі үшін...
Ғылым • Бүгін, 08:44
Бес кішкентай пациентке бірлескен операция жасады
Медицина • Бүгін, 08:40
Bolashaq сарайы – тәлім мен тәрбие бесігі
Аймақтар • Бүгін, 08:38
Ақша-несие саясаты қатаңдауы керек пе?
Қаржы • Бүгін, 08:37
Ұқсас жаңалықтар