Кезінде белгілі журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Шаймерденов бізге өзі басқарған тіл саясаты мәселелерімен айналысатын ведомствоны Мәдениет министрлігінен алып, Білім министрлігіне бермейінше, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту қиынға соғатынын айтқан еді. Арада он шақты жыл өткенде марқұм Ербол ағаның кейінгілерге қалдырған өсиетіндей болған сол ойы іске асып, кеудеміздегі ана тіліміздің келешегіне деген үміт оты маздай түсті.

Нақтырақ айтсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы 27 мамырда болған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында: «Мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін барынша арттыруымыз қажет. Бұл мәселеде Еуропа елдерінің тәжірибесіне назар аудару керек. Олар тіл үйрету барысында, негізінен, оқу орындарындағы жастарға көбірек мән береді. Сондықтан Тіл комитетін 2021 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізген жөн. Бұл қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеу және оны үйрету ісіне қатысты әлеуетімізді бір орталыққа шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұндай қадам қолданысқа енгізілетін оқу бағдарламаларының тиімділігін талдау және мониторинг жүргізу жүйесін жасауға септігін тигізеді», деген болатын. Сөйтіп, Президенттің тапсырмасына сәйкес Тіл комитеті биыл Білім және ғылым министрлігінің қарамағына беріліп, өз қызметін қайта құру үстінде. Осы орайда, біздің ойымызша, әлі де жан-жақты зерттеп, зерделеуді қажет ететін түйінді мәселелер де бар.
Біріншіден, өңірлердегі, әсіресе орыстілді қауымның қатары қалың солтүстік облыстардағы тіл басқармалары облыстық әкімдіктердің аударма басқармаларына ұқсап кеткендігі белгілі. Соған сүйеніп алған шенеуніктердің көпшілігі құжаттарды орыс тілінде әзірлеп, қажетіне қарай қазақ тіліне аудартып алуға дағдыланып алған. Осындай теріс практиканы тоқтататын кез жетті. Бұл ретте бертінде болған оңтайландыру кезінде кей өңірлерде тіл басқармалары мәдениет басқармаларына қосылғандығымен келісу қиын. Оларды білім басқармаларына қосу әлдеқайда қисынды. Сөйтсек, марқұм Ербол ағамыз айтқандай, білім беру ұйымдарындағы қазақ тілін оқыту сапасын ұдайы қадағалап, мемлекеттік тілді балабақшадан бастап меңгеріп өскен ұрпақ тәрбиелеуге елеулі ықпал етуге болады.
Екіншіден, еліміздегі орыс тілінде және аралас тілдерде білім беретін мектептерде қазақ тілін оқыту нәтижесі көңіл көншітпейді. Өйткені өзге этностардың балаларын айтпағанда, олармен бірге орысша оқып жүрген ұлты қазақ оқушылардың да мемлекеттік тілді меңгеруге онша ықылас танытпайтыны тағы бар. Осы сөзімізге айғақ ретінде мектепте орыс тілінде оқыған ұлты қазақ министрлер мен олардың орынбасарлары Парламент Сенаты мен Мәжілісінің отырыстарында өздерінің ана тілінде қойылған сұрақтарды дұрыс түсінбей, «домбырам не дейді, мен не деймін» дегендей, жаңыла жауап беріп, әрі кей сөзді дұрыс айта алмай, бұрмалап «бүлдіріп», күлкіге қалып жүргенін айтуға болады.
Ал орысша оқыған оқушылардың қазақ тілін жете меңгермеу себебі неде? Бұған әртүрлі уәж айтуға болғанымен, біздіңше, ең басты кілтипан – шәкірттердің мемлекеттік тілді оқып-үйренуге ынталары төмендігінде. Осы жөнінде солтүстікқазақстандық ардагер ұстаз Зейнеп Тәнібаева: «Мен көп жылдар бойы орыс тілінде білім беретін мектепте қазақ тілі пәнін оқыттым. Сол кезде де және күні бүгінге дейін қазақ тілі пәні – орыс мектептерінде міндетті мемлекеттік емтихан тапсыратын пән емес. Біз соған байланысты көп қиындық көрдік. Өйткені оқушылар қазақ тілі пәні мемлекеттік емтихан тапсыратын пән емес деп, оқығылары келмейді. Менің ойымша, Ата Заңымызда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп жазылғандықтан, қазақ тілі пәні мемлекеттік емтихан тапсырылатын пәндер қатарына кіруі керек. Сонда ғана сең орнынан қозғалады», дейді. Расында да, Мемлекет басшысы алға қойған мемлекеттік тілді оқыту тиімділігін барынша арттыру міндетін жүзеге асырудың бір пәрменді тетігі, міне, осы болса керек. Әйтпесе, еліміздегі орыс тілінде білім беретін 1 287 мектеп пен 2 319 аралас мектепте оқушыларға қазақ тілін оқытқанымен, көңіл толарлықтай нәтижеге жете алмай жүрген мыңдаған мұғалімге жыл сайын миллиардтаған теңге жалақы төлеп, мемлекет қаржысын желге ұшырғандай еткеннен не пайда?
Ақтөбеде оқушы қызды қаңғыбас иттер талап тастады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейген
Қоғам • Бүгін, 13:36
Елімізде 18 мың адам мүгедектікті үйінен шықпай рәсімдеді
Қоғам • Бүгін, 13:25
Ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35 пайызға артқан
Үкімет • Бүгін, 13:18
Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:13
Теннисші Алан Құрманғалиев алдына жан салмады
Спорт • Бүгін, 13:02
Президент жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:55
Еліміздегі алғашқы АЭС Балқаш маңына салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:50
Биыл 170 мыңнан астам түлек үшін соңғы қоңырау соғылады
Білім • Бүгін, 12:40
Егістік суының 40 пайызы далаға кетіп жатыр – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 12:31
Аймақтар • Бүгін, 12:23
Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма?
Білім • Бүгін, 12:16
Елордада Сирия жөніндегі кезекті келіссөз өтеді
Елорда • Бүгін, 12:07
Германия маймылшешек ауруына байланысты карантин жариялайды
Әлем • Бүгін, 11:57
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы ақтөбелік тұрғындармен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:44
Кувейтте құмды дауылға байланысты әуе рейстері тоқтатылды
Әлем • Бүгін, 11:39
Елордада 11 автобус бағытын уақытша өзгертті
Елорда • Бүгін, 11:29
Қызылорда облысында күріш алқабы қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 11:17
«Достық» каналы арқылы 330 млн текше метр су алынады
Қазақстан • Бүгін, 11:08
Шардара су қоймасына келетін су көлемі ұлғайды
Қазақстан • Бүгін, 10:59
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам 7 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Елімізде тағы 4 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:41
Білім • Бүгін, 10:30
Спорт • Бүгін, 10:29
Спорт • Бүгін, 10:27
Медициналық пойыздар жолға шықты
Медицина • Бүгін, 10:17
ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды
Ғылым • Бүгін, 09:38
Қазақстан елшісі француз ғалымын марапаттады
Әлем • Бүгін, 09:15
Спорт • Бүгін, 08:59
Аймақтар • Бүгін, 08:58
«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой!»
Спорт • Бүгін, 08:57
Хоккей • Бүгін, 08:55
«Жасыл» өсім орнықты дамуға жетелейді
Экология • Бүгін, 08:52
Жарқын бейнесі жадымыздан өшпейді
Қазақстан • Бүгін, 08:50
Адалдық пен шындықты шырақ етті
Қазақстан • Бүгін, 08:48
Бекхожин еңбектері ғылыми айналымға енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 08:45
Көшелерде су көлкімеуі үшін...
Ғылым • Бүгін, 08:44
Бес кішкентай пациентке бірлескен операция жасады
Медицина • Бүгін, 08:40
Bolashaq сарайы – тәлім мен тәрбие бесігі
Аймақтар • Бүгін, 08:38
Ақша-несие саясаты қатаңдауы керек пе?
Қаржы • Бүгін, 08:37
Ұқсас жаңалықтар