Ауа райы • Бүгін, 16:20

7 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы жарияланды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» 2025 жылдың 7 желтоқсанына арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады. Жексенбі күні республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын және қауіпті құбылыстар күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

7 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктердің болжамына сәйкес, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпті көктайғақ болады.

Қазақстан бойынша ауа райының басқа да қауіпті құбылыстары болжанады: желдің күшеюі – республиканың көптеген өңірінде күтіледі. Тұман – жолдарда көру мүмкіндігін төмендетеді. Елдің солтүстігінде және шығысында боран болады.