Медицина • Бүгін, 09:10

Дәрігер тапшылығы байқалады

2 мин
оқу үшін

Елімізге білікті кадрларды тарту мақсатында шетелдік мамандарды жұмысқа орналастырудың жеңілдетілген тәртібі енгізіледі. Бұл орайда сұранысқа ие 50-ден астам мамандық иесін шақырту көзделіп отыр. Оның ішінде ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау, инженерия, креативті индустрия сынды салалардағы жоғары білікті мамандар бар.

Дәрігер тапшылығы байқалады

Тізімге енгізілген мамандыққа ие шетелдік жоғары білікті кадрларға елімізде тұрақты тұ­ру­ға рұқсат алу мүмкіндігі беріледі. ­Бұл тетік басым бағыттарға қажетті ма­ман­­дарды тартуды көздейді. Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау министрлі­гінің ақпараттық жүйелеріндегі деректер­ге сәйкес, биыл да бірқатар маман­дық­­­­­­қа ­кадр тапшылығы сақта­лып отыр.

Мәселен, Enbek.kz порталының мә­ліметінше, «акушер-гинеколог» маман­дығының 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндеме жіберілген. «Педиатр» мамандығында 448 штат бос, оған 139 түйіндеме түскен. «Анестезиолог-реа­ниматологтің» 300 бос орнына 75 түйін­деме ғана тіркелген. Сонымен қатар онколог, неонатолог, эндокринолог мамандарына да сұраныс жоғары.

Ақпараттық технологиялар сала­сындағы мамандарға да қажеттілік артып келеді. Атап айтқанда, қолданба­лы бағдарламашылар (509 бос жұмыс орны), графикалық дизайнерлер (355 бос жұмыс орны) сұранысқа ие. Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің деректеріне сәйкес, сұранысқа ие мамандық иелерімен 45 мыңнан астам еңбек шарты жасалған. Оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушілері шамамен 8 мың, акушер-гинекологтер – 4,6 мың, педиатрлар –

4,1 мың, қолданбалы бағдарламашы-лар – 3,5 мың адам еңбек шартымен жұ­мысқа орналасқан. Сонымен қатар шетелдік жұмыскерлермен 55 еңбек шарты рәсімделген. Олардың басым бөлігі «автоматтандыру инженері» мамандығына тиесілі.

Былтыр Enbek.kz порталында сұра­нысқа ие мамандар қажет деп 9 мың­нан астам бос жұмыс орны жарияланды. Деректер ішкі еңбек нарығы сұранысқа ие мамандықтардың басым бөлігі жөніндегі қажеттілікті қамтамасыз етіп отырғанын көрсетеді. Дегенмен, медицина мамандары тұрақты түрде жоғары сұранысқа ие, салада кадр тапшылығы әлі де өзекті.

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер тапшылығы байқалады

Медицина • Бүгін, 09:10

Гонконгпен байланыс беки түсті

Экономика • Бүгін, 09:05