«Жау жағадан алғанда бөрі етектен» дейді қазекем. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында – Кеңес Одағы тарап, одақтас республикалар арасындағы шаруашылық байланыстар үзіліп, бұрынғы жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу басталған өтпелі кезеңде шиеленіскен экономикалық дағдарыстың салдарынан қаланы да, ауылды да жұмыссыздық жайлап, халықтың тұрмысы төмендегенде неше түрлі қылмыс өршіп, жол торыған, жеке ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді бопсалаған қарақшылар көбейген еді.

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
Мұндай ұйымдасқан қылмыстық топтар ел жағдайы түзелген жаңа ғасыр басында жойылып, қарақшылық қаупі сейілгендей болған. Алайда «қара алтынға» баланған мұнай бағасы құлдырап, елдің қаржы жағдайы қиындаған, оның үстіне коронавирус пандемиясы экономикаға теріс әсерін тигізгендіктен, халықтың табысы тағы да кеміп, қымбатшылық қыспаққа ала бастаған кейінгі жылдары қарақшылықты кәсіп етушілер қайтадан бас көтерген тәрізді.
Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, осы жылдың басында Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Қазығұрт ауданының тұрғынын қорқытып, төрт миллион теңгедей ақша бопсалаған. Полициядан көмек сұрауға дәті жеткен азаматтың шағымына орай бірден құрылған Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінің бірлескен тобы тоғыз адамды қылмыс үстінде тырп еткізбей ұстаған. Кейін олардың төртеуі ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері екені, ал үшеуі бұрын бұзақылық жасап, адам ұрлағаны және террористік әрекетті ұйымдастыруға тырысқаны үшін сотталғаны анықталған.
Сондай-ақ биылғы жазда Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында арнайы мақсаттағы бөлімшелерді тарта отырып жүргізген арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 28 мүшесі қолға түскен. Елуден астам объектіні тінту кезінде атыс қарулары мен оқ-дәрілер және арнайы бақылау жүргізуге арналған техника табылып, тәркіленген. Бұл қылмыскерлер тобы еліміздің оңтүстігінде 15 ауыр және аса ауыр қылмыс істеген. Соның ішінде 3 рет қарақшылық шабуыл жасау, 5 рет кәсіпкерлерді қару қолдану арқылы бопсалау бар. Бұл қылмыстық топ өз иерархиясы мен қатаң ішкі тәртібін сақтаған және қолдарына түсірген жәбірленушілерге ерекше қатыгездік көрсеткен.
Ал жуырда Алматы облысының Қарасай ауданында беттеріне медициналық маска, бастарына кепка мен күләпара киген үш жас жігіт қолдарына пистолет пен пышақ ұстап, түнгі уақытта бірнеше тұрғынның бағасы қымбат телефондарын тартып алған. Полицейлер қылмыстық топты Алматы қаласында ұстап, түрмеге қамаған. Тергеу барысында олар да бұрын қарақшылық пен адам тонау, көлік ұрлау қылмыстарымен шұғылданып, сотталғандар болып шыққан.
Арада бірер күн өткенде Жетісу өңіріндегі Жаркент қаласындағы ойын клубына қарақшылық шабуыл жасалған. Жергілікті үш жас жігіт клуб қызметкерлерін шолақ мылтық және пистолетпен қорқытып, 1 миллион теңгені тартып алып кеткен. Алматы облысы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері оларды да оңтүстік астанадан іздеп тауып, дер кезінде құрықтапты.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 2019 жылы елімізде 465 қарақшылық шабуыл тіркеліп, оның 83,8 пайызы ашылған. Былтыр мұндай қылмыс саны 235-ке дейін азайған әрі ашылу көрсеткіші де жақсара түскен (89,7 пайыз). Алайда құқық қорғау органдары қол жеткенге тоқмейілсіп кетті ме, әлде басқа себебі бар ма – биыл қарақшылар шабуылдарын үдете түскен тәрізді. Нақты айтсақ, өткен он айда 192 қарақшылық қылмыс тіркеліп, олардың саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9-ға, яғни 6,1 пайызға ұлғайған. Олардың ашылу көрсеткіші де былтырғы 92,8 пайыздан 92,1 пайызға дейін нашарлаған.
Қарақшылық әрекеттер бұрынғыша Алматы мен Шымкент қалаларында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында жиі жасалған, ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда көбейіп кеткен. Мұндай қылмыстардың ашылу деңгейі Қызылорда (50 пайыз), Қостанай (75 пайыз), Алматы (81,8 пайыз), Батыс Қазақстан (81,8 пайыз), Шығыс Қазақстан (84,6 пайыз) облыстарында төмен болып отыр. Сондықтан құқық қорғау органдары, негізінен, жеке кәсібін дөңгелетіп, ел қазынасына салық төлеп отырған іскер азаматтардың төбелеріне әңгіртаяқ ойнатып жүрген қаніпезер қарақшыларды әшкерелеп, заң алдында жауапқа тарту жұмысын ширатпаса болмас.
...Жақында маған бір өңірдегі табысты шаруашылықтың көптен таныс басшысы өзіне жергілікті ұйымдасқан қылмыстық топтың өкілі келіп, «өздерінің тұрақты «қамқорлығына» алып, басқа тиісушілерден қорғау қызметін көрсетуді және сол үшін ай сайын конвертпен қомақты «сыйақы» төлеуді» ұсынғанын айтты. Оған өзін қарақшылардан арашалау үшін тиісті құқық қорғау органдарына жүгінуі қажеттігі жөнінде кеңес бердім. Бірақ мұндай әрекетке оның жүрегі дауалай ма, әлде қылмыскерлердің дегеніне көне ме – онысын біле алмадым. Ойлап қарасақ, мұндай тәуекелге барудың өзі де басыңды бәйгеге тіккен азаматтық ерлікпен пара-пар-ау...
Ақтөбеде оқушы қызды қаңғыбас иттер талап тастады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейген
Қоғам • Бүгін, 13:36
Елімізде 18 мың адам мүгедектікті үйінен шықпай рәсімдеді
Қоғам • Бүгін, 13:25
Ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35 пайызға артқан
Үкімет • Бүгін, 13:18
Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:13
Теннисші Алан Құрманғалиев алдына жан салмады
Спорт • Бүгін, 13:02
Президент жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:55
Еліміздегі алғашқы АЭС Балқаш маңына салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:50
Биыл 170 мыңнан астам түлек үшін соңғы қоңырау соғылады
Білім • Бүгін, 12:40
Егістік суының 40 пайызы далаға кетіп жатыр – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 12:31
Аймақтар • Бүгін, 12:23
Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма?
Білім • Бүгін, 12:16
Елордада Сирия жөніндегі кезекті келіссөз өтеді
Елорда • Бүгін, 12:07
Германия маймылшешек ауруына байланысты карантин жариялайды
Әлем • Бүгін, 11:57
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы ақтөбелік тұрғындармен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:44
Кувейтте құмды дауылға байланысты әуе рейстері тоқтатылды
Әлем • Бүгін, 11:39
Елордада 11 автобус бағытын уақытша өзгертті
Елорда • Бүгін, 11:29
Қызылорда облысында күріш алқабы қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 11:17
«Достық» каналы арқылы 330 млн текше метр су алынады
Қазақстан • Бүгін, 11:08
Шардара су қоймасына келетін су көлемі ұлғайды
Қазақстан • Бүгін, 10:59
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам 7 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Елімізде тағы 4 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:41
Білім • Бүгін, 10:30
Спорт • Бүгін, 10:29
Спорт • Бүгін, 10:27
Медициналық пойыздар жолға шықты
Медицина • Бүгін, 10:17
ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды
Ғылым • Бүгін, 09:38
Қазақстан елшісі француз ғалымын марапаттады
Әлем • Бүгін, 09:15
Спорт • Бүгін, 08:59
Аймақтар • Бүгін, 08:58
«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой!»
Спорт • Бүгін, 08:57
Хоккей • Бүгін, 08:55
«Жасыл» өсім орнықты дамуға жетелейді
Экология • Бүгін, 08:52
Жарқын бейнесі жадымыздан өшпейді
Қазақстан • Бүгін, 08:50
Адалдық пен шындықты шырақ етті
Қазақстан • Бүгін, 08:48
Бекхожин еңбектері ғылыми айналымға енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 08:45
Көшелерде су көлкімеуі үшін...
Ғылым • Бүгін, 08:44
Бес кішкентай пациентке бірлескен операция жасады
Медицина • Бүгін, 08:40
Bolashaq сарайы – тәлім мен тәрбие бесігі
Аймақтар • Бүгін, 08:38
Ақша-несие саясаты қатаңдауы керек пе?
Қаржы • Бүгін, 08:37
Ұқсас жаңалықтар