Президент • 21 Қазан, 2021

Президент: Мектеп түлектері бәсекеге қабілетті болуы қажет

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент: Мектеп түлектері бәсекеге қабілетті болуы қажет

«Шындығында да біздің мектеп түлектеріміз қазақстандық қоғамға кіріктірілуі тиіс. Олар бәсекеге қабілетті болуы қажет. Бұл үшін олар мемлекеттік тілді де, ана тілін де және мүмкіндігінше орыс тілін де білуі керек. Толықтай алғанда, балаларымыздың бірнеше тілді білгені өздеріне жақсы. Оларды бір тілмен ғана шектеуге болмайды. Сол арқылы біз іс жүзінде олардың болашақ дамуын, болашақтағы бірігуін шектейтін боламыз. Түптеп келгенде болашағының аман-есен болуынан айырамыз. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі бүкіл әлемдегі көптілділік тәжірибесін тыңғылықты зерделеуі және оны біздің ұлттық топырағымызға сіңіруі керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.