Соның бастамасымен жаңа әлеуметтік желі іске қосылады. Атауы – TRUTH Social. Медиахолдинг өкілдерінің айтуынша, әлеуметтік желі оппозицияға өз ойын айтуға мүмкіндік бермейтін ірі технологиялық компанияларға бәсекелес болады.
Айта кетейік, АҚШ-тың бұрғынғы Президентінің Twitter, Instagram, YouTube секілді желілердегі парақшалары бұғатталған. Бұған 6 қаңтардағы оқиғалар себеп. Ол кезде президенттік сайлау нәтижесіне көңілі толмаған Дональд Трамп жұртты тәртіпсіздікке шақырды деп айыпталып отыр.