Қазақстан • 21 Қазан, 2021

Қазақстан өсімдік өсірушілерінің алғашқы республикалық слеті өтті

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің барлық өңірлерінен саланың жетекші мамандарының қатысуымен Қазақстанның өсімдік өсірушілерінің алғашқы республикалық слеті өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан өсімдік өсірушілерінің алғашқы республикалық слеті өтті

Іс-шараға ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде ведомство басшысы аграрий еңбегінің арқасында бүгінде 16 млн тонна астық пен дәнді-бұршақты дақыл жиналғанын, бұл елді толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорт нарығындағы өз позициямызды сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Біз бүгін сіздерге құрмет көрсетіп, өндіріс озаттарының слеттерін өткізудің бұрынғы дәстүрін жаңғыртамыз. Осы заманауи көрме кешенінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өсімдік шаруашылығының озық мамандарының слетін өткізіп отырмыз. Бірінші слеттің бүкіл халық үшін мерейлі жыл – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жылында өтіп жатқаны қуанышты», деді министр.

н

 

Биыл отандық өндіріс техникасын сатып алу кезінде инвестициялық субсидия 30%-ға дейін ұлғайтылды. Өздігінен жүретін бүріккіштерді, жемшөп жинайтын комбайндарды, қызылша жинайтын техниканы сатып алу кезінде, сондай-ақ кооперативтердің техниканы сатып алу кезінде 50% инвестициялық субсидия қолданылады.

Шара барысында Ербол Қарашөкеев агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына елеулі үлес қосқан сала өкілдерін Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамоталарымен марапаттап, ведомстволық наградаларын табыстады.

р